Әкімдерді тіркеу туралы
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен 2025 жылғы 8 маусымда сайланған Уәлиханов ауданының келесі ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді:
Қайрат сайлау округі бойынша:
Битниев Ержан Қадырұлын, 1982 жылғы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық округінің әкімі, Уәлиханов ауданы Қайрат ауылында тұрушы, «AMANAT» партиясы» ҚБ мүшесі.
Қаратерек сайлау округі бойынша:
Қасымбеков Асқар Ақылбекұлын, 1976 жылғы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округінің әкімі, Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылында тұрушы, «AMANAT» партиясы» ҚБ мүшесі.
Телжан сайлау округі бойынша:
Өтегенова Сәния Фазылқызы, 1967 жылғы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің әкімі, Уәлиханов ауданы Телжан ауылында тұрушы, «AMANAT» партиясы» ҚБ мүшесі.
Уәлиханов аудандық
сайлау комиссиясы