2025 жылдың 30 сәуірінде сайлау туралы заңнамасына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен кезекті отырыс өткізілді

Мәжіліс өткізілді

2025 жылдың 30 сәуірінде сайлау туралы заңнамасына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен кезекті отырыс өткізілді. Мәжілісті комиссия төрайымы Г.Сагалиева ашып, жүргізді.  

Комиссия қарауына келесі мәселелер енгізілген болатын:

  1. Ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттіктері аяқталуына орай Қайрат, Қаратерек және Телжан ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауын  тағайындау туралы
  2. 2025 жылдың 8 маусымына  тағайындалған  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат, Қаратерек және Телжан ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы
  3. Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Отырыс барысында  Қайрат, Қаратерек және Телжан ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы барысында аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қызметіне байланысты сұрақтар қаралып, талқыланды.

Отырыс барысында қаралған барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.  

 

2025 жылдың 30 сәуірінде сайлау туралы заңнамасына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен кезекті отырыс өткізілді
Дата публикации
30 апреля 2025