УӘЛИХАНОВ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
ҚАУЛЫ
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының
Қайрат, Қаратерек және Телжан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабы 1 тармағы
1 тармақшасына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әкімдердің заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына орай Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат, Қаратерек және Телжан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 8 маусымына тағайындалсын.
- 2025 жылғы 8 маусымына тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат, Қаратерек және Телжан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 8 маусымына тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат, Қаратерек және Телжан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
- Аталған қаулы бұқаралық ақпарат құралдары мен Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Комиссия төрайымы Г.Сагалиева
Кішкенекөл а.
2025 жыл 30 сәуір
№5/01