2024 жылдың 10 сәуірінде Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен кезекті отырыс өткізілді. Мәжілісті комиссия төрайымы Г.Сагалиева ашып, жүргізді.
Комиссия қарауына келесі мәселелер енгізілген болатын:
1.2024 жылдың 19 мамырына тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы
Отырыс барысында Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы барысында аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қызметіне байланысты сұрақтар қаралып, талқыланды.
Отырыс барысында қаралған барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.