Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365-бабына және "Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154-п бұйрығына сәйкес "Уәлиханов ауданының қалдықтарды басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" жоба әзірленді (бұдан әрі- Бағдарлама).
Аталған жоба қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын арттыруды қамтамасыз етуге, ҚТҚ қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды және ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі ұйымдарға уақтылы және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық талқылау 2024 жылдың 23 қаңтарынан 2024 жылдың 06 ақпанына дейін өтеді.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға келесі сілтеме бойынша қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14904384
Бөлім басшысы А. Қойшыбаев