«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша
2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының шешімінің жобасына
баспасөз релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Жайылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының шешім жобасын әзірледі.
Бұл шешім жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын, талаптарға жауап береді.
2024 жылғы 23 қантардан 6 ақпанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылауда болды, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14903581