Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 қазандағы № 2-62с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6601 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов
аудандық мәслихатының
төрағасы М. Абдулов