«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихаты шешіміне баспасөз релизі

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының        6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Осы жобаның мақсаты туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту болып табылады.

Осы шешім жобасы қосымша қаржыландыруды көздемейді және теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында                  2024 жылғы 15 қаңтардан бастап 29 қаңтарға дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14893736.

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы әкімдігінің

кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі» КММ-нің

басшысы Ж. Хасенов

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихаты шешіміне баспасөз релизі
Дата публикации
15 января 2024