Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы                          2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынының 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Уәлиханов аудандық

мәслихатының төрағасы М. Абдулов

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
15 января 2024