Ақпараттық қызметке қол жеткізу

"Тұрғын үйге кезек" ақпараттық сервисі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюға арналған.

Ақпараттық сервиске қолжетімділік беріледі:

Қазақстан Республикасының азаматтарына олар Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, пайдалану келісіміне қол қойған жағдайда;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына өтінім негізінде.

Тұрғын үй кезегіне өтініш беру және / немесе кезектің толық тізімін көру үшін сілтеме бойынша өту керек https://hf.kezekte.kz/ru

 

Дата публикации
18 декабря 2023