Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры А.С. Жүнісованың мақаласы
Қазақстан РеспубликасыныңӘлеуметтік кодексі шеңберінде
жұмыс істейтін халықтың мүдделерін қорғау
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрлі жағдайы басталған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілер жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар өздері үшін төлейтін ең төменгі жалақының кемінде бір және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын кірістің3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптастырылады.
Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастықпринципіне негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді тек әлеуметтік тәуекел туындаған адамдар ғана ала алады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруқордан (бұдан әрі – қор) еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем(бұдан әрі –ӘТеа)мүгедектігі бойынша бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін белгілеген күннен бастап оның бүкіл кезеңіне еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жүргізіледі.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілгенкіріске, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің, жүйеге қатысу өтілінің және кірісті алмастыру коэффициенттеріне байланысты болады.
ӘТеа Қ Ұ Қ Ы Қ – медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі –МӘС) бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі - жүйе) қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу (бұдан әрі – ЖЕҚА) дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.
Жүгіну тәсілдері:
- проактивті түрде, ӘТеа құқығын іске асыру үшін келіп түскен смс-хабарламаға жүйеге қатысушының келісімін алу арқылы
немесе
- МӘС бөлімшесіне, «бір терезе» қағидаты бойынша ЖЕҚА дәрежесі алғаш белгіленген кезде
немесе
ЖЕҚА дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде
- «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы
немесе
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне (ХЖҚО).
Тағайындау үшін қажетті Қ Ұ Ж А Т Т А Р* :
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) банк шотының (20 нөмірлік) мәліметі;
3) ЖЕҚА дәрежесін белгілеу туралы мәлімет.
* Ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
М Ө Л Ш Е Р І:ӘТеа = (ОАК - 50% ЕТЖ) х КАК х ЕҚАК х ҚӨК
ОАК – ӘТеа құқық туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 айдағы Қорға әлеуметтік аударымдар төленген кірістердің орташа айлық мөлшері (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан);
ЕТЖ – ӘТеа құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі жалақының мөлшері (2023 ж. : ЕТЖ = 70 000 теңге);
КАК – кірісті ауыстыру коэффициенті = 0,6;
ЕҚАК – еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30%-дан 100%-ға дейін белгіленгенЖЕҚА дәрежесіне сәйкес келеді;
ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті:
|
Қатысу өтілі |
6-айдан кем |
6 айдан 12 айға дейін |
12 айдан 24 айға дейін |
24 айдан 36 айға дейін |
36 айдан 48 айға дейін. |
48 айдан 60 айға дейін |
60 айдан 72 айға дейін |
60 және одан көп айларда. |
|
ҚӨК |
0,1 |
0,7 |
0,75 |
0,85 |
0,9 |
0,95 |
1,0 |
әрбір 12 ай үшін + 0,02, бірақ 1,3-тен аспайды. |
ӘТеа міндетті зейнетақы жарналары ұсталады.
Толық ақпарат: gfss.kz; gfss_; @gfsskaz.