ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 26 қарашада Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2 тармағына, 113-10 бабына сәйкес Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлау
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 423 азамат енгізілді, оның 379-ы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 11, «Барлығына қарсы» деген белгімен – 19. Есептен шығару куәліктері бойынша ешкім дауыс берген жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.А.Жауаров - 49; Қ. С.Жексембаев – 272; Қ.Е.Ноғаева - 28.
Көктерек ауылдық округінің әкімі болып Жексембаев Қанат Серікбайұлы сайланды, 1983 жылы туған, Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының бас маманы-терроризмге қарсы комиссиясының хатшысы, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында тұрады, «өзін өзі ұсыну тәртәбімен» ұсынған.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының
Көктерек ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес 2023 жылдың 26 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Көктерек ауылдық округінің сайланған әкімі ретінде Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылында тұрушы, Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының бас маманы-терроризмге қарсы комиссиясының хатшысы, «өзін өзі ұсыну» тәртібімен ұсынылған Жексембаев Қанат Серікбайұлын 2023 жылдың 27 қарашасында аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен тіркеді.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы