Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының
Көктерек ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну
қорытындысы туралы
2023 жылғы 31 қазандағы сағат 18.00-де Уәлиханов ауданының
Көктерек ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Аудан бойынша сайлау округінде 3 кандидат ұсынылды, оның бәрі – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен.
Саяси партиялармен кандидатуралар ұсынылған жоқ.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2023 жылғы 5 қарашасы сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары - аудандық «Кішкенекөл таңы» және «Кызыл Ту» газеттерінде жарияланады.
Аудандық сайлау комиссиясы