Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

УӘЛИХАНОВ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

ҚАУЛЫ

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы  Көктерек  ауылдық округі

 әкімінің  сайлауын тағайындау туралы

 

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылдың 26 қарашасына  Уәлиханов ауданында Көктерек   ауылдық округі  әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталғандығына  орай аталған округ әкімінің сайлауы тағайындалатын болсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылдың 26 қарашасына  тағайындалған  Уәлиханов ауданының Көктерек  ауылдық округі  әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік  жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде  және аудандық «Кішкенекөл таңы» мен «Кызыл Ту» газеттерінде жарияланатын болсын.

 

       Комиссия  төрайымы                                      Г.Сагалиева

 

 

Кішкенекөл ауылы

2023 жыл 18 қазан

№24/02

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
18 октября 2023