2023 жылдың 18 қазанында сайлау туралы заңнамасына сәйкес Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен кезекті отырыс өткізілді.
Мәжілісті комиссия төрайымы Г.Сагалиева ашып, жүргізді. Комиссия қарауына келесі мәселелер енгізілген болатын: Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру және ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталуына орай Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы.
Отырыс барысында 2023 жылдың 26 қарашасына тағайындалған Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы барысында аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қызметіне байланысты сұрақтар қаралып, Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары талқыланды.
Отырыс барысында қаралған барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.