Уәлиханов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 6-26 с «Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
Осы нормативтік құқықтық акт Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған шығыстары мен бюджет түсімдерін бекітуді көздейді. Реттеуші әсерге талдау жүргізу талап етілмейді.
2023 жылғы 18 тамыздан 23 тамызға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылауда.