«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында
стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын
айқындау және бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің қаулысына баспасөз релизі
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын анықтау және бекіту болып табылады.
Осы шешім жобасы қосымша қаржыландыруды көздемейді және теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылғы 17 мамырдан бастап 31 мамырға дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14564752.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі» КММ-нің
басшысы Ж. Хасенов