«Еңбек жолы» - 2023 өңірлік конкурсының
қорытындысы шығарылды
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді, ол Тұңғыш Президент – Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақалаларын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Бұл конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін айқындайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұранымен өтіп, еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Ағымдағы жылғы 1 мамыр мен 1 шілде аралығында конкурсқа қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылданды.
Аудандар мен Петропавл қаласының жұмыс берушілерінен барлығы 39 өтінім келіп түсті:
«Еңбек жолы» конкурсына 2023 жылғы қатысушыларының материалдарын қарап, «Еңбек жолы» конкурсының ережесін басшылыққа ала отырып, конкурстың облыстық кезеңінің жеңіспаздарын бекітті:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
1 орын – Петропавл қ., Самковскийлер әулеті;
2 орын – Есіл ауданы, Шевчуктер әулеті;
3 орын – М.Жұмабаев атындағы аудан, Должиковтар әулеті;
3 орын – Тимирязев ауданы, Тихоновтар әулеті.
«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша:
1 орын – Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Е.А.Тимощук;
2 орын – Петропавл қ., Б.П. Огневец;
3 орын – Петропавл қ., Ю.А. Гаврилов.
«Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша:
1 орын – А.Уатаев, Петропавл қ.;
2 орын – Есіл ауданы, К.Б. Мырзахметов;
3 орын – Ақжар ауданы, Н.Қ.Темірғали.
3 орын – Уәлиханов ауданы, З.Н. Ермекова.
Одан әрі «Еңбек Жолы»конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін конкурстың әрбір номинациясы бойынша облыстық кезең жеңімпаздарының құжаттары ҚР ЕХӘҚМ-ға жіберілді.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы