Газ қондырғыларын қолданғанда өрт қауіпсіздік шараларын сақтау

Үй ішіндегі газ тарату қондырғыларын іске қосу кезінде техникалық қажеттілігіне байланысты әрқашанда жарамды күйде болу керек.
Газ қондырғысын қолданғанда тиым салынады:
-жас өспірім балаларға және оның қауіпсіздік түрде іске қосу тәртібімен таныспаған түлғаларға газ қондырғыларымен қолдануға;
-сірінке жағылар алдында газ крандарын ерте ашпауға немесе қолмен ашылатын қысқыш қосылмағанша;
-газ плитасының жанында киім кешектер кептіруге болмайды, ол түтанып кетуі мүмкін.
Газ баллонын айырбастау кезінде маңайда ашық оттың, шоқтардың және қосылып тұрған электр құрылғыларының болмауын қадалағаңыз. Айырбастау алдында жаңа салынатын және таусылған баллонның крандары жабық тұрғанына көз жеткізіңіз. Жаңа газ баллонын қойғаннан кейін сабынды судың ертіндісі көмегімен құрылғылардың қосылған жерлерінің беріктігін тексеріңіз.
Газ плитасы мен газ баллонын бір-біріне қосу үшін арнайы белгіленген ұзындығы 1 метрден аспайтын қауіпсіздік бекітпелерімен бекітілген жұмсақ резина шлангісін қолданыңыз және оның созылуы мен қысылып қалуына жол бермеңіз.
Газ құрылғыларын тексеру мен жөндеуді тек тәжірбиелі маманға тапсырыңыз.
Қолданылмайтын бос немесе толтырылған баллондарды ғимараттан тыс жерде сақтаңыздар.
Тағамды дайындау кезінде қайнаған сұйықтықтар жанып тұрған газды сөндіріп, газдың үйге таралып кетуіне жол бермеңіз. Жұмыс аяқталғаннан кейін газ баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.
Газ плиталарының жандыру құрылғыларын үнемі тазалап отырыңыз, олардың ластануы үлкен қайғыға әкелуі мүмкін.
Егерде үй ішінде газ иісі шыққан кезде электр қондырғыларын қолдануға тиым салынады және жанып тұрған жарық көздерін өшіруге. Барлық газ құралдарын өшірініз, крандарын жабыныз, барлық бөлмелерді тексерініз. Газ қондырғыларының крандарын толық күйде жабылғанын тексерініз. Егерде газ иісі кетіп немесе бөлме ауасын тазартқаннан кейін кетіп қайтадан пайда болған жағдайда, аварийялық газ қызметін шақыру керек.


Уәлиханов ауданының ТЖ бөлімі

Дата публикации
28 августа 2023