Дәстүрлі турнирде өңір атынан Алтынбек Аусағитов қатысып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Республикалық жарыста солтүстікқазақстандық балуан 100 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жерлесіміз 5 кездесу өткізіп, әрқайсысында жеңіске жетті. Финалда Алтынбек Шымкент қаласының өкілі, 2022 жылғы әлем чемпионы Марат Байқамұровпен кездесіп, қарсыласының алдын орады. Нәтижесінде облыс намысын қорғаған спортшы Қазақстан кубогының иегері атанды.