2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Қулыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және сапалы өткізу шеңберінде бекітілген күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес 17 мамырда Қулыкөл сайлау округінің сайлау учаскелері қаралды.
Сайлау науқанына үш елді мекеннің 3 сайлау учаскесі тартылып отыр: Қулыкөл, Қаратал және Береке.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С. Маугузин аудандық комиссиямен бірлесіп учаскелік комиссиялардың маңызды саяси науқанға – ауылдық округ әкімінің сайлауына дайындығы тұрғысынан учаскелерді тексерді.
Сайлау округінің учаскелік комиссиялары сайлаушылардың тізімдерін өңдеді және нақтылады, дауыс беруге арналған үй-жайлар тиісті тәртіппен жабдықталды.
Сайлау науқанына Қулыкөл ауылдық округі әкіміне үш кандидат қатысады.