|
Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының мақсаты – мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылады: 1) азаматтық қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнату арқылы қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтау және нығайту; 2) мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру; 3) адалдық, адал ниеттілік, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану сияқты қызметтік әдеп қағидаттарын нығайту; 4) мемлекеттік қызмет институтының дамуына ықпал еткен ерекше маңызы бар оқиғаларды атап өту; 5) мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік бағдарларын және тұрақты құндылықтар жүйесін қалыптастыру; 6) мемлекеттік қызмет саласында іске асырылып жатқан реформаларға ғылыми-практикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Күтілетін нәтижелер: 1) қоғамда мемлекеттік қызмет институты жайлы оң көзқарастың қалыптасуы, оның миссиясы мен мақсатын дұрыс түсінуі; 2) мемлекеттік қызметке, жалпы мемлекет пен оның институттарына қоғам сенімінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті үкіметтік емес сектор және азаматтық қоғамның басқа да өкілдерімен сенімді және сындарлы қарым-қатынастың қалыптасуы; 3) әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастыққа, өзара көмек пен қайырымдылыққа бағытталған еріктілер қозғалысына қатысуға дайын адамдардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы мемлекеттік қызметтің тартымдылығының артуы және оның қоғамдағы имиджінің жоғары деңгейінің қалыптасуы; 4) қоғам мүдделеріне адал жұмыс істеуге негізделген мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейінің қадыптасуы; 5) мемлекеттік қызметтегі әдептілік құндылықтарын сақталуын және таратылуын қамтамасыз ететін тиісті инфрақұрылымның және тиімді жұмыс істейтін атрибутиканың болуы. |
||||||||
|
I. Азаматтық қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнату арқылы қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтау және нығайту Бүгінде мемлекеттік қызметте 55% әйелдер, 20% жастар қызмет атқарады. Өңірлердегі ардагерлер ұйымдарының құрамында мемлекеттік қызметтің 300-ден астам ардагерлері белсенді қатысуда. Сонымен қатар, 1200 ден аса мемлекеттік қызметшілердің қызметі персоналды басқаруға, 800-ге тарта қызметшінің қызметі әдептілікті нығайтуға және сақтауға арналған. Өзара іс-қимылға, сұраныстарды жедел қарауға бағдарланған тұрақты жұмыс істейтін алаңдарды құру – олармен сенімгерлік және сындарлы диалог орнатудың маңызды шарты болып табылады.
|
||||||||
|
№ |
Іс-шаралар |
Мақсатты бағыт |
Мерзімдері |
Ақпараттық сүйемелдеу |
Жауаптылар |
|||
|
1 |
Агенттіктің аумақтық департаменттерінің жанынан «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарын құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, |
«Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары (бұдан әрі-орган), әдетте, мемлекеттік қызмет ардагерлері қатарынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық бөлімшелерінің жанынан құрылады. Органның қызметіне басшылықты облыстық ардагерлер ұйымының және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары тең төрағалық ету құқығымен жүзеге асырады. Органның отырыстары қажеттілігіне қарай шақырылады. Жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тағайындалған сәттен бастап алғашқы үш ай ішінде не өзге де мерзімдерде органның отырысына шақырылады және бейіндік саланы дамытуға қатысты өз көзқарастарымен бөлісуге, өткен жылдардағы тәжірибе негізінде жұмыстың тиімді нысандары мен әдістеріне қатысты ұсынымдар алуға мүмкіндік алады. |
Бір ай ішінде
Органның отырыстары қажеттілігіне байланысты өткізіледі |
«Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының қызметін жариялайтын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар
Теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнеролик пен аудиороликті дайындау және тарату |
МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) және облыстық ардагерлер ұйымдары (келісім бойынша) |
|||
|
2 |
Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жанынан «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді пысықтау |
Азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру – Мемлекет басшысы назар аударатын маңызды міндеттер. Мұндай еріктілер мемлекеттік қызметте аз емес. Олар өздерінің осындай іс-әрекетімен, яғни көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейтеді және азаматтар арасында құрметке, алғысқа лайықты. Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жанындағы «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етуге тиіс. |
Бір ай ішінде
Отырыстар жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі |
«Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының қызметін жариялайтын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар
Теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнеролик пен аудиороликті дайындау және тарату |
МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) және ОМО аумақтық бөлімшелері (келісім бойынша) |
|||
|
3 |
«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жұмысын ұйымдастыру және қызметін қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 22-тармағына (Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысы) сәйкес «Мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту» жобасын жүзеге асыруға (бұдан әрі – Жоба) Агенттік жауапты болып бекітілді. Жобаны 2018 жылдан бастап Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің базасында жұмыс істеп тұрған Жас мемлекеттік қызметшілердің мектептері арқылы іске асырылатын болады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 29 наурызында Агенттік мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және олардың пулын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітті. Аталған әдістеме жоғары оқу орнынан кейінгі, жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері арасында таланттар пулын қалыптастырудың бірыңғай тәсілдері мен кезеңдерін қамтиды. |
Отырыстар қажеттілігіне байланысты өткізіледі |
«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жастар клубтарының қызметін жариялайтын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ, әлеуметтік желілердегі Жарияланымдар
Теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнеролик пен аудиороликті дайындау және тарату |
МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) және ОМО аумақтық бөлімшелері (келісім бойынша) |
|||
|
4 |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалдары жанынан Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын дамыту орталықтарын құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың жұмысына белсенді қатысу жөніндегі мәселелерді пысықтау |
Мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту орталықтары (бұдан әрі-орталықтар) Агенттіктің аумақтық бөлімшелері, Әдеп жөніндегі уәкілдер мен персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) үшін пікір алмасу алаңына айналуы тиіс. Тоқсан сайынғы негізде өткізілетін орталықтардың қорытынды отырыстарында Агенттіктің аумақтық бөлімшесінің басшылығы (бірінші басшысынан төмен емес) төрағалық етеді, онда мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың новеллалары туралы ақпараттар, оның ішінде ауқымды түсіндіруді талап ететін сұрақтарға жауаптар ұсынылады, іріктеу рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру, тоқтату және тәртіптік практика бағыттары бойынша талдау нәтижелері шығарылады.
|
2023 жылдың 1 жартыжылдығы
Отырыстар тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі |
Мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту орталықтарының қызметін жариялайтын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар
Теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнеролик пен аудиороликті дайындау және тарату |
МҚІА АБ, МБА филиалдары, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) |
|||
|
II. Мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыру Қолданыстағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі (бұдан әрі-кодекс) бес тараудан және 12 тармақтан тұрады. Әдептік стандарттар тікелей әрекет етеді және жалпы сипатқа ие. Кодекс белгілейтін жауапкершілік пен жазылмаған моральдық мінез-құлық стандарттары арасындағы байланыс Кодекстің мемлекеттік қызметші өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауы керек деген талабын орындауды қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекеттік қызметтің әдептілік стандарттарын сақтау Кодекспен ғана шектелмей, халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тән моральдық-этикалық көзқарастарды, адамгершілік құндылықтарды білуді талап етеді. |
||||||||
|
5 |
«Дәстүрден тағылым» жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу |
Дәстүр мен мәдениет-ұлттың генетикалық коды. Жыл сайынғы "Дәстүрден тағылым" конкурсы мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіледі және олардың мәдени-тарихи құндылықтарды кеңінен түсінуі арқылы ұлттық бірегейлікті айқындайтын адамгершілік бағдарларды дәріптеуге және қалыптастыруға бағытталған. Конкурс ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді дәріптеу үшін өткізіледі. |
бірінші жартыжылдықта 23 маусымға дейін |
Конкурстың кезеңдерін қамтитын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар
Теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнеролик пен аудиороликті дайындау және тарату |
МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) және ОМО аумақтық бөлімшелері (келісім бойынша) |
|||
|
6 |
«Отбасым-үйім, Отбасым-тірегім» конкурсын ұйымдастыру және өткізу
|
Жыл сайынғы "Отбасым-үйім, Отбасым тірегім" конкурсының аса маңызды міндеті мемлекеттік қызметшілер арасында отбасы құндылығының адам өмірі мен қоғамның әл-ауқатының артуының кепілі екендігін кеңінен дәріптеу болып табылады. Конкурс барлық отбасы мүшелері қатысатын ұлттық спорттық ойындар мен жарыстардың элементтерін қамтитын эстафеталық ойын ретінде өткізіледі. |
1-23 маусым аралығында |
конкурстың кезеңдерін қамтитын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар
Теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнеролик пен аудиороликті дайындау және тарату |
МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) және ОМО аумақтық бөлімшелері (келісім бойынша) |
|||
|
7 |
Ұлттық спорт түрлерінен спорттық шаралар ұйымдастыру және өткізу
|
Қазақстан тәуелсіздігін алған уақыттан бастап 20-дан астам ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді. Мемлекеттік қызметшілер арасында жыл сайынғы ұлттық спорт түрлерінен ойындар ұйымдастырудың негізгі мақсаты ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және дамыту арқылы жалпыұлттық патриотизм идеясын іске асыру болып табылады.
|
бірінші жартыжылдықта 23 маусымға дейін |
Конкурстың кезеңдерін қамтитын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар
Теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнеролик пен аудиороликті дайындау және тарату |
МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) және ОМО аумақтық бөлімшелері (келісім бойынша) |
|||
|
III. Адалдық, адал ниеттілік, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану сияқты қызметтік әдептік қағидаттарын нығайту Мемлекеттік қызметшінің қызметке кіруден бастап күнделікті жұмысында қызметтік әдеп қағидаттарын қабылдап, оны сақтауға дайын кәсіби тұлға ретінде қалыптасуының барлық кезеңінде қоршаған орта мен әріптестері моральдық-адамгершілік қалыптасу мәселелерінде басты рөлді атқарады. Күнделікті өмірде басшылық, әріптестері еліктеуге арналған үлгі ретінде қабылданады, сондықтан моральдық-адамгершілік сипаттағы негізгі талаптар мемлекеттік органға, оның ұжымына, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілге қойылуы тиіс. Адамның қоғамдық танудағы қажеттілігіне негізделген дәстүрлі конкурстарды ұйымдастыру қызметшінің жұмыстағы жоғары көрсеткіштерге жету үшін тікелей ынталандырушы фактор болып табылады және мемлекеттік қызметтегі әдептілік және басқа да бұзушылықтардың профилактикасына оң әсерін тигізеді. |
||||||||
|
8 |
«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсын ұйымдастыру және өткізу |
Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметшілерге тиімділік, бейімделу, нәтижеге бағытталу және қоғамның сұраныстарына жедел әрекет ету бөлігінде талаптар артуда. Олар мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуде маңызды критерийлерге айналуы тиіс, сондықтан жыл сайынғы "Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі" конкурсының негізін құрайды. |
Бірінші жартыжылдық ішінде - 23 маусымға дейін |
Конкурстардың кезеңдерін жариялайтын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар
Теледидарда, радиода, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнеролик пен аудиороликті дайындау және тарату |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
|||
|
9 |
«Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсын ұйымдастыру және өткізу |
Бүгінгі таңда Әдеп жөніндегі уәкілдердің функцияларын 39 қызметші тікелей орындайды, мұндай функцияларды қосымша жүктеме ретінде 723 қызметші жүзеге асырады. Жыл сайынғы «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» байқауы қайта форматталады. Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын қызметшілер арасындағы конкурстан басқа, өңірлерде аталған функциялар жүктелген Әдеп жөніндегі уәкілдер арасында конкурстар өтеді. Конкурсанттарды бағалаудың негізгі критерийлерінің қатарына мемлекеттік қызметте адалдық, адал ниеттілік, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарын іске асыруға бағытталған шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыс нәтижесі жатады. |
Бірінші жартыжылдық ішінде - 23 маусымға дейін |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
||||
|
10 |
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу |
Қазіргі кездегі мемлекеттік саясаттың талаптарына сәйкес мемлекет пен қоғам қарым-қатынасының «бюрократиялық» моделінен проактивті, сервистік және азаматтардың сұраныстарына жауап беретін басқару нысанына көшу мемлекеттік органдар үшін негізгі бағдар болуы тиіс. Бұл клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру арқылы ғана мүмкін болады. Сондықтан көрсетілетін қызметті берушілер арасында өткізілетін жыл сайынғы «Үздік сапалы қызмет көрсетушісі» конкурсының басты мақсаты клиенттерге бағдарлану қағидатын нығайту, яғни мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толық бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау және өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңның көріністеріне жол бермеу болып табылады. |
Бірінші жартыжылдық ішінде - 23 маусымға дейін |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
||||
|
11 |
«Үздік ауыл әкімі» жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу |
Жыл сайынғы «Үздік ауыл әкімі» конкурсының міндеті елді мекендерді абаттандыру мәселелерін сапалы шешуде, сапалы тұрғын Конкурс ауылдық деңгейдегі әкімдерге тіршілікті қамтамасыз етудің инфрақұрылымдық және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерін дамытуға бағытталған функцияларды беру бойынша қабылданған шешімдердің осы мәселелерді жедел шешуге қолайлы ықпал етуін қамтамасыз етуге бағытталған. |
Бірінші жартыжылдық ішінде - 23 маусымға дейін |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
||||
|
ІV. Мемлекеттік қызмет институтының дамуына ықпал еткен ерекше маңызы бар оқиғаларды атап өту Мемлекеттік қызметшілер күнін және басқа да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салалары бойынша мемлекеттік қызметке қатысты кәсіби мейрамдарды мерекелеу мақтаныш пен патриотизм сезімін қалыптастыратын шоғырландырушы фактор болып табылады. Олар – күнделікті еңбегімен мемлекетіміздің тұрақты өсуі мен өркендеуіне үлес қосатын, өз өмірін және тағдырын ең маңызды миссияға арнаған – «Халыққа қызмет ету» міндетімен байланыстырған барлық адамдардың өміріндегі ерекше оқиға. Бұл күндері күш-жігерді адамдардың риясыз қызметі, жетістіктері мен жеңістері үшін құрметтеуге, сондай-ақ жас ұрпақты мемлекеттік қызметке бағыттауға жұмсау керек . |
||||||||
|
12 |
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиналыс ұйымдастыру |
Мемлекеттік қызметшілер күнінің негізгі бағдарлары болып келесі аспектілер болуы керек: біріншіден, тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қабылданған кейінгі қиын-қыстау заманда мемлекеттік қызметті институцианализациялаудың қағидаттарының іргетасы қаланды; екіншіден, мемлекеттік қызмет күшті мемлекет, жаңа экономика, біртұтас қоғамды құрудың бастамасында болды. Бүгінгі күні де мемлекеттік қызмет туған ел мен мемлекеттің дамуы мен гүлденуіне бағаланбас үлес қосып келеді. үшіншіден, тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қызмет өзінің қабілеттілігін дәлелдеді. Кәсібилік, өзінің ісіне адалдық, қоғам мен азаматтар мүддесінің басымдылығы әлі де егеменді Қазақстанның өркендеуінің алғышарттары болып табылады. Салтанатты жиналыста: Агенттікте – «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі», «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл», «Үздік сапалы қызмет көрсетуші», «Үздік ауыл әкімі» конкурстарының жеңімпаздарын; өңірлерде - «Дәстүрден тағылым», «Отбасым-үйім, Отбасым-тірегім», Ұлттық спорт түрлерінен өткен шаралардың жеңімпаздарын марапаттау жүргізіледі. |
23 маусым |
Іс-шараны, сондай-ақ конкурстардың жеңімпаздарын жариялайтын жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
|||
|
13 |
Келесі топтардың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер күніне арналған диалог алаңдарын ұйымдастыру: |
жас мемлекеттік қызметшілер |
Пікір алмасу Агенттік алаңында, оның ішінде жас мемлекеттік қызметшілердің, президенттік жастар кадр резерві, сондай-ақ Өңірлік кадр резерві және «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» ұйымдары өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді. Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметке кәсіби кадрларды тарту мәселелерін, талантты жастарды, оның ішінде президенттік жастар кадр резерві, сондай-ақ Өңірлік кадр резерві арқылы мансаптық ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындыларын талқылау болып табылады. |
22 маусым |
Жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар |
МҚІА, МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) |
||
|
мемлекеттік қызметші-әйелдер |
Пікір алмасу Агенттік алаңында өтеді. Іс-шараның мақсаты әйелдердің кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы рөлі, мемлекеттік қызметте меритократия қағидатын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеріп жатқан әйелдерге қатысты әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет саласында үлес қосқан әйелдерге құрмет көрсету мәселелерін талқылау болып табылады. |
21 маусым |
Жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша), отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі республикалық және өңірлік ұйымдар (келісім бойынша) |
||||
|
Ерікті шараларға қатысатын мемлекеттік қызметшілер |
Пікір алмасу Агенттік алаңында «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді. Іс-шараның мақсаты «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының атқарған жұмыстар нәтижелерін талқылау, тәжірибе алмасу, сондай-ақ неғұрлым белсенді қатысушыларды марапаттау болып табылады. |
20 маусым |
Жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша), отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі республикалық және өңірлік ұйымдар (келісім бойынша) |
||||
|
өңірлердегі жоғары буын менеджерлерінің кәсіби бейімделу, сабақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет ардагерлері |
Пікір алмасу Агенттік алаңында, оның ішінде аумақтық бөлімшелер облыстық ардагерлер кеңесі жанынан жұмыс істейтін республикалық Ардагерлер ұйымы өкілдерінің, «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді. Іс-шараның мақсаты «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының өңірлердегі жоғары буын менеджерлерімен кәсіби бейімделу, сабақтастықты әрі дамыту мәселелері бойынша өткізген жұмыстарының нәтижелерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ардагерлеріне құрмет көрсету болып табылады. |
19 маусым |
Жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар |
МҚІА, МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар астананың әкімдіктері (келісім бойынша) және республикалық және облыстық ардагерлер ұйымдары (келісім бойынша) |
||||
|
14 |
Алғыс жариялауды, грамотамен марапаттауды және мемлекеттік қызмет саласында үлес қосқан қызметшілерді көтермелеудің өзге де нысандарын қоса алғанда, хаттарды дайындау және жіберу. |
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні |
Сапалы және тиімді еңбекті ынталандыру - мемлекеттік органның ұжымында қолайлы атмосфераны қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтегі еңбек қатынастарының маңызды элементіне айналуда. Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінде мемлекеттік қызметшінің жеке кәсіби еңбегін тану маңызды рөл атқарады. Салалық, кәсіби мереке күндері Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелері тарапынан жүргізілген мемлекеттік қызметшілерді марапаттау шаралары, мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қоғамдастықты біріктіруі тиіс.
|
21 мамыр |
Жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
||
|
Эколог күні |
5 маусым |
|||||||
|
Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні |
7 маусым |
|||||||
|
Судьялар және Сот қызметкерлері күні |
24 маусым |
|||||||
|
Медицина қызметкерлері күні |
Маусымның үшінші жексенбісі |
|||||||
|
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні |
28 маусым |
|||||||
|
Дипломатиялық қызмет күні |
2 шілде |
|||||||
|
Құрылысшы күні |
Тамыздың екінші жексенбісі |
|||||||
|
Әділет органдары қызметкерлері күні |
30 қыркүйек |
|||||||
|
Ұстаздар күні |
5 қазан |
|||||||
|
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні |
Қазанның соңғы жексенбісі |
|||||||
|
Статистика күні |
8 қараша |
|||||||
|
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні |
10 қараша |
|||||||
|
Ауыл шаруашылығы тамақ өндірісі өнеркәсібінің қызметкерлерінің күні |
Қарашаның үшінші жекенбісі |
|||||||
|
Энергетик күні |
Желтоқсанның үшінші жексенбісі |
|||||||
|
V. Мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік бағдарларын және орнықты құндылықтар жүйесін қалыптастыру Мемлекеттік қызметті дамыту қағидаттарын насихаттауға, тарихи құжаттар мен оқиғаларды ашып көрсетуге бағдарланған тірек орталықтарын құру арқылы еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған тиісті инфрақұрылым құрылатын болады. |
||||||||
|
15 |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және оның филиалдарының базасында Мемлекеттік қызмет мұражайларын құру |
Мемлекеттік қызмет мұражайларын құрудың мақсаты өткен кезең мен қазіргі уақыт арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, кейінгі ұрпақ үшін мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктер мен мұраны сақтау және олармен замандастарды, оның ішінде қазіргі мемлекеттік қызметшілерге таныстыру болып табылады. |
2023 жыл ішінде
тоқсан сайын
|
Жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар |
МБА, МБА филиалдары, МҚІА АБ |
|||
|
16 |
Ант беру рәсімінің форматын кеңейту бойынша шаралардың қабылдануына қарай өңірлерде осындай рәсімдерді өткізуге арналған аллеяларды құру бойынша мәселелерді пысықтау
|
Аллеяның маңызды бөлігі ант беру рәсімі өтетін орын болып табылады. Аллеяның дизайны мен оны әрлендіруі біркелкілікті қамтамасыз етілетін болады. Ант беру рәсіміне лауазымды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ант беретін қызметшінің жақын туыстары шақырылады.
|
МҚІА АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар, астананың әкімдіктері (келісім бойынша) |
|||||
|
17 |
Жоғары оқу орны үшін мақтаныш болатын, мемлекеттік қызметте болған және қызмет атқарып жүрген түлектердің бұрышын құру |
Түлектердің арасында маңызды мансаптық көтермелеуге қол жеткізген мемлекеттік қызметтегі және орталық немесе жергілікті атқарушы органдарда басшылық лауазымдағы және осындай қызметтер атқарған адамдар болуы мүмкін. Мұндай түлектердің бұрышы студенттер қоғамдастығын мемлекеттік қызметке шақыруға, оның тартымдылығын қамтамасыз етуге және жастар алдында мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. |
МҚІА АБ, жоғары оқу орындары (келісім бойынша) |
|||||
|
18 |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» онлайн журналын шығару |
Журнал мемлекеттік органдардың басшыларына, персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) қызметкерлеріне және басқа да қызметшілерге арналған күнделікті оқу құралы болуға арналған, өйткені онда мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы басымдықтар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың новеллалары, қолданыстағы құқық қолдану практикасы, оқыту, тағылымдама мәселелері бойынша хабарламалар мен жаңалықтар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу нәтижелерін қоса алғанда, соңғы оқиғалар, осы бағыттағы әртүрлі іс-шаралар, конкурстар нәтижелерін қамтиды. |
МБА, МҚІА |
|||||
|
VI. Мемлекеттік қызмет саласында іске асырылып жатқан реформаларға ғылыми-практикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру Ғылыми-практикалық іс-шаралардың жүйелілігі, олардың күн тәртібінің айқындылығы мен тұрақтылығы мемлекеттік қызметшілерге қойылатын тиімділік, бейімделу, нәтижеге бағытталу және қоғамның сұраныстарына жылдам әрекет ету сияқты талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақты түрде жүйелі шешімдер әзірлеуде ғылыми қоғамдастықтың және сарапшылардың күш-жігерін жинақтауы тиіс. |
||||||||
|
19 |
Қоғамның өзекті талаптары мен сұраныстарына жауап беретін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселелері бойынша жыл сайын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу |
Жыл сайынғы іс-шаралардың негізгі мақсаты клиентке бағдарланған және сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған, Конференцияның міндеттері болып мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша өзекті мәселелерді талқылау, корпоративтік және ұйымдастырушылық мәдениетті, азаматтардың сұраныстарына проактивті, сервистік және кері байланыс орната алатын қарым-қатынасқа дейін жақсарту, сонымен қатар шетелдік тәжірибені зерттеу, көзқарастармен алмасу және қойылған мақсаттарға жету үшін жаңа тәсілдерді анықтау болып табылады. |
сәуір |
Жаңалықтар сюжеттері, жергілікті және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар, іс-шараларды жариялау |
МҚІА, МБА, Мемлекеттік қызмет саласындағы аумақтық Хаб, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) |
|||
|
20 |
Мемлекеттік қызметтегі мінсіз бедел қағидаттарын нығайтудың өзекті мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдердің жыл сайынғы форумын өткізу |
Мінсіз бедел, сол сияқты мемлекеттік қызметтегі басқа да құндылықтар, персоналды басқару процестерін одан әрі жетілдіру үшін, оның ішінде кадрларды іріктеу және бағалау, қызметшілердің жауапкершілігін қарау, мемлекеттік қызметті тоқтату сияқты үрдістерді жетілдіру үшін түпкілікті бағдар болуға тиіс. Әдеп бұзушылықтарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың алдын алу, форумның негізгі бағдары болып табылады. |
маусым |
МҚІА, МҚІА АБ, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
||||
|
21 |
Мемлекеттік қызметте HR басқаруды дамыту мәселелері бойынша жыл сайын халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу |
Жыл сайынғы мемлекеттік қызметтегі HR басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның күн тәртібінің ажырамас мәселелердің қатарында жас таланттарды іздеудің, іріктеудің және дамытудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ мемлекет деңгейінде қызметшілердің әлеуетін ашу және тәрбиелеу болуы тиіс. Жыл сайынғы конференция мемлекеттік қызметте кадрлық рекрутинг пен іс қағаздар жүргізуді автоматтандыру деңгейін арттыруға қабілетті цифрлық технологиялар саласындағы ең үздік жетістіктерді талқылауға арналған алаңға айналады. Іс-шара алаңы келісімшарттық қызмет институтын одан әрі дамытуға қатысты түрлі идеяларды біріктіріп, іс жүзінде арнайы білімі бар кәсіби мамандарды тарту құралы болуға, мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды табысты іске асыруға ықпал етуге тиіс. |
қараша |
МҚІА, МБА, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
||||