Уәлиханов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 16/02 қаулысына қосымша
2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған
Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың үлгі
күнтізбелік жоспары
|
1. Қулыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 12 сәуір (113-1-б. 2, 3-т.)
|
|
2. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 22 сәуірден кешіктірмей (22-б.)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 22 сәуірден кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2023 жылғы 27 сәуірден кешіктірмей
(17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Уәлиханов ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2023 жылғы 27 сәуірден кешіктірмей
(23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2023 жылғы 13 сәуірден басталады және 25 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады (113-3-б. 1-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы
(4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы құжаттау және паспорт пен жеке куәліктерін беру бойынша уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде
(113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылдың 1 сәуіріне)
|
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін
(113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
|
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органы Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде
(113-5-б. 4-т.)
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2023 жылғы 13 сәуірден басталып, 2023 жылғы 30 сәуірінде сағат он сегізде аяқталады (113-5-б.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру
|
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
|
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2023 жылғы 30 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 18 сағаттан бастап және 2023 жылғы 20 мамырда нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18.Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде
(28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Уәлиханов ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2023 жылғы 30 сәуір (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2023 жылғы 5 мамыр
(26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 10 мамырдан кешіктірмей
(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2023 жылғы 18 мамырдан ерте емес және 2023 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де 2023 жылғы 21 мамыр, жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыс беруді өткізу
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін 2023 жылғы 21 мамыр, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады 2023 жылғы 21 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу
(43-б. 8-т.)
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу
(113-8-б. 1-т.)
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2023 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей
(113-10-б.)
|
|
29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2023 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей (44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2023 жылғы 27 мамырдан кешіктірмей
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.