«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округ әкімінің шешімі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, әзірленді.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздеймейді.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 19-бабы 1-1-тармағына және 20-бабы 2-тармағына сәйкес сараптама қорытындысын алу және қоғамдық кеңестін ұсыныстар қажет емес.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылғы 29 қаңтарынан бастап 12 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болды, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6639730
Көктерек ауылдық округі әкімі К. Дюсембаев