Сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2023 жылдың 12 ақпанында екі сайлау округі бойынша Уәлиханов ауданының Ақбұлақ және Қулыкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабы 9) тармақшасы, 44 бабы 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 бабына сәйкес Уәлиханов ауданының Ақбұлақ, Қулыкөл ауылдық округтері әкімдері сайлауының қорытындылары жөніндегі 6 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Ақбұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 574 азамат енгізілді, одан 392-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетендер саны - 3 , «Бәріне қарсымын» - 2.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Ахметов Б.С. – 205 ; Жүкенов Ғ.І. – 179; Сағитов Ш.Қ. - 3.
1983 жылғы, Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылында тұрушы, өз ісімен шұғылданушы Ахметов Батырхан Серікұлы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Қулыкөл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 615 азамат енгізілді, одан 596-ы дауыс берді. «Бәріне қарсымын» - 2.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Әлімов Н.Р. –18; Жексембаев Қ.С. – 39; Мүтәліпов Т.Қ. – 537.
1967 жылғы, Қулыкөл ауылдық округінің Қулыкөл ауылында тұрушы, өз ісімен шұғылданушы Мүтәліпов Тұрлыбек Қайриденұлы Қулыкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «АMANAT» партиясымен ұсынылған.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының
Ақбұлақ ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес 2023 жылдың 12 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің сайланған әкімі ретінде 1983 жылғы, Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылында тұрушы, өз ісімен шұғылданушы Ахметов Батырхан Серікұлын 2023 жылдың 13 ақпанында комиссияның қаулысымен тіркеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының
Қулыкөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес 2023 жылдың 12 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылдық округінің сайланған әкімі ретінде 1967 жылғы, Қулыкөл ауылдық округінің Қулыкөл ауылында тұрушы, өз ісімен шұғылданушы Мүтәліпов Тұрлыбек Қайриденұлын 2023 жылдың 13 ақпанында комиссияның қаулысымен тіркеді.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы