Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Уәлиханов ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Уәлиханов ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасын әзірлеуші орган «Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ болып табылады Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы".

Жоба «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасының мақсаты-Уәлиханов ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындау.

Шешім жобасын қабылдау бюджетті тұрақты нақтылау кезінде республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке түсу есебінен қаржы шығындарын салуды талап етеді.

2022 жылғы 8 қарашадан 22 қарашаға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылауда болды, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12824225.

 

 

Бөлім басшысы                                                               Б.Жусупов

 

Дата публикации
10 февраля 2023