Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының
округтік сайлау комиссияларының мүшелерін бос орындарға тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19 бабының 8 тармағына сәйкес және Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хатшысы С.Тәуекелованың хабарламасын талқылай келе, Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 1 округтік сайлау комиссиясы мүшесінің бос лауазымына сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыратын органы сайлағанша дейін Шарипов Кирилл Муслимович тағайындалсын.
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 4 округтік сайлау комиссиясы мүшесінің бос лауазымына сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыратын органы сайлағанша дейін Капкенова Қайша Мәжітқызы тағайындалсын.
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 10 округтік сайлау комиссиясы мүшесінің бос лауазымына сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыратын органы сайлағанша дейін Абдрахманова Алмагүл Сунатқызы тағайындалсын.
- Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты және №1, №4, №10 округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Қаулы Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Кішкенекөл таңы», «Кызыл Ту» аудандық газеттерде жариялансын.
Комиссия төрайымы Г.Сагалиева
Кішкенекөл а.
01 ақпан 2023 жыл
№ 20