Семинар-кеңес
Аудандық сайлау комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 қаңтарда аудандық комиссия аудандық сайлау комиссияларының төрағаларымен, төрағаларының орынбасарларымен және хатшыларымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу бойынша семинар – кеңес өткізді. Семинар жұмысына аудандық сайлау комиссиясының барлық мүшелері қатысты.
Семинарға қатысушыларға сайлау заңнамасының негізгі ережелері мен талаптары тағы бір рет жеткізілді, комиссия төрағасы кандидаттармен жұмыс істеудің негізгі тұстарын белгіледі, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардан құжаттарды қабылдау бойынша жұмыстың барлық процесін талдады.
Барлық жұмыс сайлау заңнамасының талаптары шеңберінде жүргізілуі тиіс екендігі атап өтілді.