«Нұрлы ел» ЖШС 2023 жылдың 12 ақпанына белгіленген СҚО Уәлиханов ауданы Ақбұлақ және Қулыкөл ауылдық округері әкімдерінің сайлауына қатысатын сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын хабардар етеді.
Редакцияның баспа материалдарына орын белгілеу өкілеттіліктері 2023 жылдың 12 ақпанына белгіленген СҚО Уәлиханов ауданы Ақбұлақ және Қулыкөл ауылдық округері әкімдерінің сайлауына қатысатын сайлауына қатысатын тіркелген партияны ұсыну туралы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы редакциямен жасалатын жазбаша келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
Баспа материалдарына орын белгілеу туралы редакциямен келісімшартқа кандидаттың (сенім білдірген адамның) сайлау алды үгіт жүргізуге қатысты редакцияның қызметін пайдалануға келісін беруі болып табылады.
Келісім шарт жасау үшін кандидат мынадай ақпараттар көрсетілген жазбаша өтініш білдіреді:
– жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, күні мен уақыты;
– кандидаттың аты-жөні, кандидаттың жазбаша өтініш берген сенім білдірген адамның аты-жөндері;
– жазбаша өтініш берген адамның өкілеттілігін растайтын құжат: кандидаттың (сенім білдірген адамның) жеке куәлігі, кандидаттың (сенім білдірген адамның) уәкілетті мемлекеттік орган берген куәлігі немесе заңнамаға сәйкес өзге құжаты;
– баспа материалдары орнының көлемі және оны беру мезгілі, үгіттік баспа материалдарының түрі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;
– кандидаттың немесе сенім білдірген адамның қолы.
Редакция жазбаша өтініш бергендердің құжаттарына тегін көшірме жасайды. Баспа материалдарын орналастырудың кезегі жазбаша өтініштердің түсу тәртібі бойынша белгіленеді. Бірнеше кандидаттардан (сенім білдірген адамдардан) өтініш бір мезгілде түскен жағдайда редакция жеребе тартады. Жеребе тастау аяқталғаннан кейін оған қатысушылар және БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды.
Үгіттік баспа материалдары редакцияға дайын күйінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңда, баспа материалдарына орын беру туралы редакциямен келісімшартқа қол қойған басқа да заңнамалық актілерде көзделген көлемде беріледі.
Үгіттік баспа материалдары редакцияға жарық көруге 7 (жеті) жұмыс күні қалғанда беріледі. Үгіттік баспа материалдарында Конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық алауыздықты өршіту, қатыгездік пен зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңнамада көрсетілмеген әскери құрамалар құру идеяларын ұстанған жағдайда редакция оларды жариялаудан бас тартуға құқығы бар.
Мөлшері мынадай:
– «Кішкенекөл таңы» газетінде 1 (бір) шаршы сантиметріне 150 (жүз елу) теңге;
– «Кызылту» газетінде 1 (бір) шаршы сантиметріне 150 (жүз елу) теңге;
Баспа материалдарына ақы төлеудің сомпасын алдын ала 100 пайыздық ақысын төлей отырып, тиісті сайлау қоры аударуы керек. Алдын ала төлеу редакция берген шот негізінде жүзеге асырылады.
Бибінұр ТОПАНБАЕВА,
«Нұрлы ел» ЖШС директоры