Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі. 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:

 

басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса)

берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда);

өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда);

5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

 

 

Дата публикации
16 ноября 2022