Нұсқама жүргізілді

2022 жылдың 30 қазанында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық сайлау комиссиясы Уәлиханов ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрайымдарымен кездесу өткізді.

Жиналғандар алдында төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Т. Шаймерденов сөйлеп, алдағы тұрған маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына учаскелер орналасқан ғимараттардың дайындық сапасына толығымен тоқталды. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында бекітілген талаптар мен жұмыстарды баяндады. Мәжіліс барысында учаскелік сайлау комиссияларының басшыларына төтенше жағдайлар жөнінде нұсқаулық таратылды.

Орталық сайлау комиссиясының бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес осы күні аудан әкімімен қол қойылған сайлаушылардың тізімі тапсыру-алу актісімен учаскелік сайлау комиссияларына тапсырылды.

Нұсқама жүргізілді
Дата публикации
30 октября 2022