20 қазанда 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық аясында учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрайымдары мен хатшылары, аудандық сайлау комиссиясының мүшелерінің оқытуы жүргізілді.
Оқыту Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясымен ұйымдастырылған болатын, барлығы 60 адам қамтылып, лектор ретінде аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Сагалиева Гүлнәр Қапарқызы болды. Біліктілікті арттыру семинарының басты тақырыбы – «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы барысында сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру және сайлаудың құқықтық негіздері».
Оқыту барысында «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының өкілеттіліктері туралы», «Сайлаушылардың тізімдері туралы», «Дауыс берудің тәртібі және дауыс берудің қорытындыларын акнықтау туралы», «Учаскелік сайлау комиссияларының байқаушылар, шетелдік (халықаралық) байқаушылар және БАҚ өкілдері және сайлау күні дауыс беру орындарында қатысуға құқығы бар басқадай тұлғалармен өзара қарым-қатынастары туралы», «Мүмкіндігі щектеулі тұлғалармен жұмыс жүргізу туралы» атты тақырыптар қаралып, талқыланды.
Оқытуға қатысушылар сонымен қатар практикалық кейстерді талдай отыра кезектен тыс сайлауда мүмкін болатын әртүрлі жағдайларды қарастырды.
Оқыту қорытындысында сайлау процесінің қатысушыларының сауалнамасы жүргізіліп, сертификат алынды.