«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы әкімдігінің

2017 жылғы «09»наурызынан

№57 қауылысымен

бекітілген

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі - аппарат) аудан әкімінің және аппаратының ақпараттық талдау, ұйымдастырушылық – құқықтық саласында басшылықты іске асыратын және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

2. Аппараттың ведомствоаралық ұйымдары, аумақтық органдары жоқ.

3. Аппарат өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, соңдай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.

4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, мен мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

5. Аппарат өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

6. Аппарат, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан қатынасқа түсуге құқылы.

7. Аппарат өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

8. Аппараттың құрылымы мен штаттық сан лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Аппараттың орналасқан орны: 151200, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85.

10. Аппараттың толық атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. Аппараттың қызметін қаржыландыруы жергілікті бюджет қаражаты қорынан іске асырылады.

13. Аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер аппаратқа заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметін іске асыру құқығы ұсынылған болса, онда осындай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.

2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары мен міндеттемелері

14. Аппараттың миссиясы: аудан әкімінің ақпараттық-талдаумалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жұмысын қамтамасыз ету.

15. Аппараттың міндеттері: аудан әкімінің, аудан әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;

Іс жүргізудің бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды және олардың орындалуы мен ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшін дайндығының бақылауын қамтамасыз ету;

электронды құжат айналымы жүйесін енгізуге және құжат айналым көлемін қысқартуға жәрдемдесу;

аудан әкімі айқындаған комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, бақылаудағы мәселелері жөнінде облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін жетекшілік сұрақтары бойынша бақылау, олардың орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;

аудан әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының қызметінде заңдылық сақталуын қамтамасыз ету;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімі, әкімдіктің және аппараттың мүліктік және басқа заңды құқықтары мен мүдделерін құқық әдістерімен қорғау;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын насихаттау және түсіндіру;

қылмыспен, терроризммен, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртіп пен зандылықты сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекетін қамтамасыз ету;

бұқаралық ақпараттық құралдарда әкім мен әкімдік қызметінің жариялануын қамтамасыз ету;

ресми делегациялардың қабылдауы мен келуіне дайындық жасау және мерейтойлық және басқа да іс шаралары мен кездесулерді өткізуін ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламары бойынша жоспарланған іс шараларының жүзеге асыруын қамтамасыз ету;

аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері жобалары мен заңдылық мәні бар құжаттарды әзірлеуге қатысу;

нормашығармашылықты жетілдіру жұмысын ұйымдастыру;

аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

нормативтік талаптарға сәйкес қызмет кабинеттерін, мәжіліс залын техникалық жабдықтау;

мекеменің қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және нақты ақпаратты қалыптастыру;

мекеменің шаруашылық шараларды дұрыс іске-асыруы мақсатында Аппарат басшысын ақпаратпен қамтамасыз ету;

мүлік және міндеттемелердің бары мен қозғалысының есептелуін қамтамасыз ету, бекітілген нормалар, нормативтер мен сметаларға сәйкес, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарына сәйкес материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалану, субъектінің шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау;

Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажет ақпаратпен қамтамасыз ету;

жергілікті бюджеттен қаржыландылатын мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үйлестіру;

жергілікті атқарушы органдарының өкілетті және басқа да мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттестігін үйлестіру;

мемлекеттік қызметіне кадрлық потенциалды құру;

аудан әкімінің және әкімдігінің жұмысын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

аудан әкімінің және әкімдігінің жұмысын ұйымдастырушылық- құқықтық қамтамасыз ету;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау;

аудан әкімдігінің, әкімінің және аппаратының қызметін материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз ету;

аппараттың теңгерімінде тұрған ғимараттар, құрылыстар және тұрғын үйлердің күтіп ұсталуын, күрделі және ағымындағы жөндеуін жүргізуді қамтамасыз ету;

аудан әкімдігінің ғимаратына өткізу режимін мүліктің сақталуын, аумақты абаттандыруға және көгалдандыруға байланысты іс шараларды жүзеге асыру;

атқарушылық тәртібін нығайту, құжаттарды орындауында бақылау және тексеру ісінде аудан әкімі аппараты қызметшілерінің жауапкершіліктерін арттыру;

16. Аппараттың қызметтері:

аудан әкімдігінің қаулылары және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау жолында рәсімдеу Тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

аудан әкімдігінің отырыстарын өткізу дайындығына қатысады, әкімдік мүшелеріне құжаттарды құрастыруға қатысады, хаттаманы ресімдейді;

қызметтік хаттардың тіркеуін және өтуін қамтамасыз етеді;

хаттар мен өтініштерін қарауын және есептеуін қамтамасыз етеді, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, осы жұмыс бойынша талдау жүргізеді және басшылыққа уақытылы хабарлайды;

іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес шығыс корреспонденцияның дұрыс ресімделуінің, барлық реквизиттерінің болуын, тілдер туралы заңнамалық талаптарын сақтауды және басқа нормативті актілеріне сәйкестігі бойынша бақылау жүргізеді;

істер номенклатурасын әзірлейді және жетілдіреді;

іс жүргізу бойынша нұсқаулық – әдістемелік материалдарды әзірлейді;

құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша, орындау тәртіптерін жоғарылату бойынша іс-шараларды әзірлейді;

аппарат қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастырады, іс жүргізу мәселелері бойынша кеңес-семинарларды және консультацияларды өткізеді, құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыруда ауылдық округтер әкімдері аппараттарына, аудандық бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

аудан басшылығының кіріс құжаттарды уақытылы қарауын ұйымдастырады, қол қоюға берілетін құжаттардың дұрыс ресімделуіне бақылау жасайды;

бақылаудағы құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын қарайды, аппарат басшысына үнемі құжаттарды орындау нәтижелері туралы ақпарат береді;

құрылымдық бөлімшелерде істердің дұрыс ресімделуіне және құрылуына бақылау жасайды, істерді сақтау мен жоюға іріктеу жасау мақсатында олардың құндылық сараптамасын ұйымдастырады;

істерді белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуына дейін, олардың жедел сақталуы мен қолданылуын қамтамасыз етеді;

аудан әкімінің елтаңбалық мөрін сақтайды;

әкімдік отырыстарының хаттамаларын, әкімінің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқаларын және басқа құжаттарды сақтайды;

бланктік өнімдері мен штамптардың тапсырысын, есебін және берілуін қамтамасыз етеді;

электронды құжат айнылымы жүйесінде жұмысты үйлестіреді;

аумақтарды жетілдіру Бағдарламасына әзірлеуге қатысады;

аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, аппарат басшысының бұйрықтарын, басқа құқықтық мәнді құжаттарды заңнама талаптарының сәйкестігіне тексереді және оның ішінде басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісуін өткізеді;

белгіленген тәртіпке сәйкес аудан әкімінің, әкімдігінің, олардың қызметтері шеңберінде құқықтық мәселелерін қараған кезде соттарда және де басқа органдарда мүдделерін көрсетеді;

шаруашылық қатынастарды реттейтін шарттар мен құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

ауданның атқарушы орғандарына, ауылдық округтерінің әкімдеріне құқықтық мәселелер жөнінде құқықтық көмек көрсетеді;

ауданның атқарушы органдарына және аппарат қызметкерлеріне құқықтық мәселер бойынша кеңес береді;

құқықтық жалпы окуларды ұйымдастырады және сабақтарын өткізеді;

қылмыскерлікпен, терроизммен, сыбайлас жемқорлықпен қүрес, құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері бойынша аумақтық бағдарламаларды орындау аясында құқық қорғау мемлекеттік органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекетін қамтамасыз етеді;

бірінші басшының тапсырмасы бойынша аудан әкімінің, әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлейді;

аудан әкімінің, әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізуге жолдайды;

Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған тәртіпте, тұрақты негізде, аудан әкімінің, әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізеді;

бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

құжаттардың дұрыс ресімделуіне және жасалған операциялардың заңнамаға сәйкестігіне алдын ала бақылауын жүргізеді;

сақтау және қолдану орындарда негізгі құралдардың, азқұнды және тез тозатын заттардың және басқа материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізу;

міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жоспарларын орындау барысында кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен пайда болатын есеп айырысуларды уақытылы жүргізу;

міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және оларға белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістері бойынша ашық несиелері мен олардың мақсатты тағайындалуына сәйкес қаржылардың дұрыс және үнемді шығындалуын және де ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;

мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге, сондай-ақ штаттық емес қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы есептеу және төлеу;

ақша қаражаттары, есептер мен материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу, және түгендеу нәтижелерін дұрыс айқындау және оларды есепте көрсету;

бухгалтерлік құжаттарды, тізбелерді, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жоспарларын және олардың есептерін сақтау және де оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсыру.

сайлау науқаны кезеңінде республикалық бюджеттен қаржыландыру мен есеп беру;

бухгалтерлік есеп берулерді белгіленген мерзімде құру және тапсыру;

«электронды үкіметті» жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Жарғыларын және басқа заңнамаларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

«электронды үкімет», «электронды әкімдік» электронды қызметтерін таратудың бастамаларын, PR-стратегиясын жүзеге асыру;

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-қорының жұмыс істеуі және дамыту жөніндегі ұйымдастырушылық жұмысты жүргізу;

ауданның мемлекетік органдарының Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесін енгізуді ұйымдастыру;

аудан әкімінің аппаратында ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін сақтау мониторингі;

мемлекеттік қызметтерді электронды нысанға көшіру жөніндегі шараларды өткізу;

Қолданыстағы заңнамада көзделген, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауларын, референдумдарын өткізуді ұйымдастыруға қатысу;

Басшылықтың тапсырмасы бойынша аппаратқа жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау;

Мемлекеттік қызметкерлердің сапалық құрамына талдау жасау, басшылық лауазымдарға тағайындалатын тұлғалардың құжаттарын ресімдеу;

Оқуды, даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті жоғарылатуды ұйымдастыру және мемлекеттік наградаларымен және басқа озаттық белгілерімен марапаттауға ұсынылатын азаматтардың құжаттарын ресімдеу;

Аппарат басшысына жедел шешімдер қабылдау үшін қүжаттарды орындау мерзімін бұзу туралы ақпарат беру.

Бақылауды ұйымдастыру және бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылау және тексеру мәселелері жөнінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, ауылдық округтер әкімдеріне, ауданының атқарушы органдарына тәжіриебелік және әдістемелік көмек көрсету;

Аудан әкімінің және оның орынбасарларының қатысуымен кеңестердің, кездесулердің, спорттық және басқа әлеуметтік-мәдени бағытындағы бұқаралық шаралардың өткізілуін ұйымдастыру;

Ұлттық және кәсіби мерекелерді өткізуді ұйымдастыру;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді және қарауға енгізеді;

Мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

Этнос аралық және конфессия аралық келісімдерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғамның институттарымен өзара жұмыс жасайды;

Аудан әкімі аппаратының қызметінің материалдық-техникалық, көлікпен қамтамасыз ету және құрылыс- жөндеу жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алуларды өткізуді жүзеге асырады;

Аудан әкімі аппаратының теңгерімінде тұрған әкімшілік ғимараттарды, мекемелерді және тұрғын үйлерді күтіп ұстауға, материалдық- техникалық базасына бақылауын қамтамасыз етеді;

17. Аппаратың құқықтары мен міндеттері:

Аудан әкімі аппаратын жүргізуге жатқызылған мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен жене ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

Ауданның атқарушы органдарынан және ауылдық округтер әкімдерінен қажетті құжаттар мен ақпаратқа, жеке лауазымды тұлғалардың қызметтері туралы түсініктемелерге сұрау салып, олардан жауап алуға, Аппараттың құзырына жатқызылған тапсырмаларды беру, аудан әкімінің, әкімдігінің құзырына жатқызылған мәселелерді шешуге атқарушы органдардың, төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері аппараттарының қызметкерлерін қатыстыруға.

Аудан әкімдігінің, мәслихатының, облыстық алқалардың, аумақтық және басқа атқару органдардың отырыстарына қатысу;

Аппаратқа жүктелген міндеттерді және қызметтерді орындау.

3. Аппараттың қызметін, басшының өкілеттіктерін ұйымдастыру.

18. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруға дербес жауапты болатын Аппарат басшысы.

19. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады.

20. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аппарат басшысының өкілеттіктері:

Аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыруға дербес жауапкершілік атқарады.

Аппаратта мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;

Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық заңнамасының орындауына дербес жауапкершілікте болады;

Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бос әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос әкімшілік лауазымдарына орналасуға байқау ұйымдастырады. Олардың нәтижесі бойынша аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы ұсыныстарды әкімнің қарауына енгізеді, аппараттың кадрлық қорын қалыптастырады, Аппарат құзырының шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

Аудан әкімі аппаратында ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

Штаттық кестесін аудан әкіміне бекітуге ұсынады;

нормативтік құқықтық актілерінің және басқа құжаттарды келісіп, аудан әкімінің және әкімдігінің қарауына ұсынады.

Аудан әкімінің сәйкес орынбасарларымен келісілгеннен кейін аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарын бекітеді;

Аппаратың ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шаралырының жоспарын бекітеді;

Аппарат қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыйақы беруін және әкімшілік жазаға тарту бойынша ұсыныстар береді;

Аппараттың шығын сметасын бекітеді, бюджетпен көзделген қаржыны қолданады;

Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға талаптар жинағын бекітеді;

мемлекеттік қызметте болмаған қызметшілерге жеке құрам бойынша бұйрықтарды шығарады, сол қызметкерлерін іссапарға жібереді;

мемлекеттік органдарда және басқа мекемелерде Аппараттың атынан өкілеттік етеді;

аудан әкімі жүктеген өзінің басқа да функцияларын іске асырады;

Аппараттың басшысының өкілеттігін оның болмағанында қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын тұлға іске асырады.

21. Аппаратты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын аппаратының басшысы басқарады.

22.1 Аппараттың басшысы аудан әкімінің тікелей басшылығына бағынады және қызмет атқарады;

22.2. Аппараттың құрылымын әкім, оның орынбасарлары, аппараттың басшысы, аудан әкімінің көмекшісі, аудан әкімінің кеңесшілері және құрылымдық бөлімшелер құрайды;

22.3. Құрылымдық бөлімшелерді олардың басшылары басқарады, оларды аудан әкімінің кеңесшілері, көмекшілері және орынбасарларымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

22.4.Аудан әкімі жұмысқа қабылдайтын және жұмыстан босататын Аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері аппараттың қызметкерлері болып табылады.

23.1.Аудан әкімінің, әкімдігінің және аппаратының материалдық-техникалық және шарушылық-тұрмыстық қамсыздандыруды аппараттың қаржылық-шаруашылық қызметі жөніндегі құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.

23.2.Аппарат қызметкерлерінің еңбегін төлеу жағдайлары мен еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

23.3. Зейнеткерлік жасқа толған аппарат қызметкерлерінің зейнеткерлік қамсыздандыру қолданыстағы мемлекеттік қызмет және зейнеткерлік қамсыздандыру заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

4. Аппараттың мүлкі

24. Аппараттың жедел басқару құқығында заңнамамен қаралған жағдайда оқшауланған мүлікке ие бола алады.

Аппараттың мүлкі оған меншік иесі тапсырылған мүлік, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған жеке қызметі мен басқа көздер нәтижесінде (ақшалай кірісті қосқанда) сатып алынған мүлік есебінен құралады.

25. Аппаратқа бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

26. Аппарат егер заңнамада белгіленбеген болса, өзіне бекітілген мүлікке және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікке өздігінен иелік етуге немесе иеліктен айыруға құқылы емес.

5. Заңды тұлға мен уәкілетті орган арасындағы өзара қатынастар.

27. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.

28. Құрылтайшының орналасқан жері: индексі 150011, Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

29. Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату және қайта құру туралы шешім қабылдайды.

30. Заңды тұлға мен уәкілетті органның мемлекеттік мүлік бойынша тиісті саланың заңды тұлғасымен және уәкілетті органымен, заңды тұлғаның әкімшілігімен және оның еңбек ұжымдары арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Аппаратты қайта құру және тарату.

31. Аппаратты қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, оқшаулау, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

32. Таратылғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін үлестіру тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.

7. Аппараттың жұмыс тәртібі

33. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін бес күндік жұмыс аптасына, сенбі және жексенбі, екі күн демалыспен, демалыс пен тамақтануға үзілісі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін белгіленген.

Дата публикации
14 мая 2020