GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
08 июля 2026
«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

Облыста ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауыл экономикасын нығайтуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың 377 тұрғыны мемлекеттік қолдауға ие болды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Биыл бағдарламаны іске асыруға 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл тұрғындарының жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және өңірдің ауылдық аумақтарының дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.

***

2026 жылғы несиелеудің жаңа шарттары және қаржыландыру алу тәртібі

«Ауыл аманаты» жобасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды жеңілдетілген шарттармен қаржыландырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Жобаның басты мақсаты – микрокредиттер беру ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін тұрақты табыс көздерін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және тиімді жұмыс істейтін кооперативтерді құру.

Жоба шеңберінде ұсынылатын қаржыландырудың қайтарымды негізде жүзеге асырылатынын түсіну маңызды. Бұл грант немесе өтеусіз мемлекеттік көмек болып табылмайды. Қаржыландыруды алушы қаражатты мақсатты түрде пайдалануға, кәсіпкерлік мәртебесін сақтауға, мәлімделген жұмыс орындарын құруға және берешекті белгіленген мерзімде өтеуге міндеттеме алады.

Микрокредитті кімдер ала алады

Микрокредит алуға Қазақстан Республикасының жұмыссыз азаматтары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, отбасылық кәсіпкерлікке қатысушылар, табысы төмен жеке қосалқы шаруашылық иелері, кооператив мүшелері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өндірістік кооперативтер үміткер бола алады.

Жеке тұлға жоба іске асырылатын ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада кемінде 12 ай тұрақты тіркеуде болуы тиіс.

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жобаны іске асыру орны бойынша тіркелуі қажет. Егер азаматтың жеке кәсіпкер мәртебесі болмаса, қаржыландыру мақұлданған жағдайда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жобаларды жеке кәсіпкерлер мен кооперативтер жүзеге асыра алады.

Кооператив бір ауылдық елді мекеннің немесе бірнеше көршілес ауылдық округтердің қатысушыларын біріктіре алады. Бұл ретте қатысушылардың аумақтық және логистикалық жақындығы, жеткілікті көлемдегі тауарлық өнімнің болуы, сондай-ақ олардың өзара тиімді іс-қимыл жасау мүмкіндігі расталуы тиіс.

Микрокредиттеудің негізгі шарттары

Ауыл шаруашылығына жатпайтын жобалар бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылға дейінгі кезеңді құрайды. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін микрокредит беру мерзімі 7 жылға дейін болуы мүмкін.

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Жеке жобалардың басым бөлігі бойынша қаржыландырудың ең жоғары сомасы 2 500 АЕК-ке дейін белгіленген. 2026 жылғы айлық есептік көрсеткіш мөлшерін ескере отырып, бұл 10 812 500 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және кооперативтерді дамыту жөніндегі жобалар үшін қаржыландырудың шекті сомасы 8 000 АЕК-ке дейін немесе 2026 жылғы көрсеткіш бойынша 34 600 000 теңгеге дейін болуы мүмкін.

Қаржыландырудың ең жоғары сомасының белгіленуі әрбір өтініш берушіге микрокредиттің толық шекті мөлшерде берілетінін білдірмейді. Микрокредит сомасы сатып алынатын активтердің құнына, қаржылық есептерге, қарыз алушының төлем қабілеттілігіне, меншікті қаражатпен қатысу деңгейіне және кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліктілігіне қарай айқындалады.

Қағидаларда негізгі борышты өтеу бойынша ұзақтығы 12 айдан аспайтын жеңілдікті кезең көзделген. Бұл ретте аталған нормада сыйақыны төлеу бойынша жеке кейінге қалдыру қарастырылмаған. Сондықтан қаржылық модельді әзірлеу кезінде негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ішінде сыйақы төлеу қажеттілігі ескерілуі тиіс.

Бұрын алынған микрокредит бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған қарыз алушыларды қайта қаржыландыруға жол беріледі. Қайта қаржыландырудың ең жоғары сомасы 8 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылуы мүмкін. Алайда қайта микрокредит беру екі реттен артық жүзеге асырылмайды және бағдарлама қаражатының қайтарылған есебінен қаржыландырылады.

Кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Микрокредит жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету болған жағдайда беріледі. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы, көлік құралдары, ауыл шаруашылығы, арнайы және жол-құрылыс техникалары, сондай-ақ жабдықтар қабылдануы мүмкін.

Кепілге ұсынылатын мүліктің нақты нарықтық құны болуы, заңнамаға сәйкес ресімделуі және оған тыйым салу, кепіл немесе өзге де ауыртпалықтардың қойылмауы тиіс. Нарықтық құнын тәуелсіз бағалаушы айқындайды, содан кейін оған өтімділік коэффициенті қолданылады.

Қысқа мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы кепіл ретінде қабылданбайды. Жылжымайтын мүлік объектілері бойынша құқық белгілейтін құжаттар, техникалық паспорт, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері, тіркелген құқықтар, қайта жоспарлау фактілерінің болуы, кәмелетке толмағандардың үлестері, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) немесе өзге де меншік иелерінің келісімдерінің болуы тексеріледі.

Қандай мақсаттарға кредит берілмейді

«Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде жеңіл автокөлік сатып алуға қаржы қаражаты берілмейді.

Жақын туыстарынан ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жол берілмейді. Жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар мен асырап алынғандар, ата-анасы ортақ және ата-анасының бірі ортақ аға-інілер мен апа-сіңлілер, аталар, әжелер және немерелер жатады.

Көтерме және бөлшек сауда қызметін қаржыландыруға жол берілмейді. Сондай-ақ туристік-рекреациялық аймақтарда орналасқан жекелеген туристік объектілерді қоспағанда, кейіннен жалға беру мақсатында ғимараттар мен үй-жайларды сатып алуға немесе салуға қаржы бөлінбейді.

Мал шаруашылығы жобалары бойынша қаржыландыру жайылымдардың, шабындықтардың, су ресурстарының, қажетті қора-жайлардың, жемшөп базасының, ветеринариялық және зоотехникалық қызметтердің болуымен негізделуі тиіс. Жемшөп қоры мен малды ұстауға қажетті жағдайларсыз мал сатып алуға кредит алу малдың шығынға ұшырау, оны мәжбүрлі түрде өткізу және мерзімі өткен берешектің қалыптасу тәуекелін арттырады.

Өтінім беру тәртібі

Бірінші кезеңде жобаға сүйемелдеу жүргізуге жауапты ауылдық округ әкімдігіне немесе аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіну қажет. Жобаның скрининг нәтижелері бойынша айқындалған басым бағыттарға сәйкестігі анықталады.

Осыдан кейін қаржылық модель, жобаның сипаттамасы, сатып алу жоспары, жеткізушілер туралы мәліметтер, кірістер мен шығыстардың есебі, жобаны іске асыру орнына қатысты құжаттар және кепілдік қамтамасыз етуге қатысты алдын ала құжаттар топтамасы дайындалады.

Өтінімдерді Amanatnesie.kz цифрлық платформасы арқылы беруге болады. Платформада өтініш беруші бағдарламаның шарттарымен таныса алады, өтінімді толтырып, қажетті құжаттарды қоса тіркей алады және оны қарау кезеңдерін қадағалай алады. Өтінім беру мүмкіндігі қаржыландырудың болуына және өңірлік оператордың өтінімдерді қабылдауды ашуына байланысты.

Сенім білдірілген агент ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бастапқы тексеруден өткізеді. Егер құжаттар топтамасы белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, өтініш берушіге нақты себептері көрсетілген дәлелді бас тарту туралы хабарлама жолданады.

Құжаттар бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда, сенім білдірілген агент жобаны бағалап, құжаттар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жобаны мақұлдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Өтінімді қарау барысында кредиттік тарихқа, төлем қабілеттілігіне, салықтық берешектің болуына, қаржылық модельге, сатып алынатын мүліктің құнына, жеткізушіге, кепілдік қамтамасыз етуге және жобаны іске асыру тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.

Жоба мақұлданғаннан кейін кредиттік және кепілдік құжаттары рәсімделеді. Микрокредит қаражаты кепіл шартын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аударылады.

Егер бөлінген қаржы қаражаты толық игерілсе, сенім білдірілген агент қосымша қаржыландыру немесе бағдарлама қаражатының қайтарылуы қамтамасыз етілгенге дейін жаңа өтінімдерді қабылдау мен қарауды уақытша тоқтатуға құқылы.

Жобаны қарау кезінде қандай көрсеткіштер бағаланады

Жобаны бағалаудың негізгі өлшемшарттары – оның скрининг нәтижелері бойынша айқындалған басым бағыттарға сәйкестігі, жаңа жұмыс орындарын құруы және жаңа техника немесе жабдық сатып алуды көздеуі болып табылады.

Алайда, тәжірибеде бұл өлшемшарттар кредиттің қайтарымдылығын бағалау үшін жеткіліксіз. Сондықтан жоба өндіріс көлемінің, күтілетін кірістің, шығыстардың және қарызды өтеудің нақты әрі негізделген қаржылық есебін қамтуы тиіс.

Мал шаруашылығы жобалары бойынша жемшөптің құны, жайылымдар мен шабындықтардың болуы, малдың өнімділігі, төл алу мерзімі, ветеринариялық шығындар және мал шығынының ықтимал тәуекелдері жеке бағаланады.

Сүт кооперациясы жобалары бойынша кооперативке нақты тартылған жеке қосалқы шаруашылықтардың саны, сиыр басының саны, күнделікті өндірілетін сүт көлемі, салқындату жабдығының, сүт тасымалдауға арналған көліктің болуы, халықпен есеп айырысу кестесі және қайта өңдеуші кәсіпорынмен жасалған шарттың болуы расталуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары бойынша шикізат базасы, жабдықтардың жүктемесі, санитариялық және ветеринариялық рұқсаттардың болуы, өнімді буып-түю, таңбалау және оны өткізудің нақты арналары айқындалуы тиіс.

Шикізат базасы мен дайын өнімді өткізу нарығы болмай тұрып тек жабдық сатып алу толыққанды жоба болып саналмайды. Сол сияқты тек кредиттің жоғары лимитін алу мақсатында ғана кооператив құру бағдарламаның мақсаты мен мәніне сәйкес келмейді.

Қаражат алғаннан кейінгі бақылау

Қаржыландыру берілгеннен кейін жобаны сүйемелдеу жұмысы аяқталмайды. Сенім білдірілген агент пен жергілікті атқарушы органдар қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Мониторинг барысында малдың, техника мен жабдықтың нақты сатып алынуы, сатып алынған мүліктің шарт талаптарына сәйкестігі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесінде жануарларды тіркеу, техниканы мемлекеттік тіркеу, кепілге қойылған мүліктің сақталуы және жұмыс орындарын құру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы тексеріледі.

Кооперативтер бойынша қосымша түрде қатысушылар саны, микрокредит алған мүшелердің саны, мерзімі өткен берешектің болуы, міндетті зейнетақы жарналарының деректері негізінде құрылған жұмыс орындары, қайта өңдеу қызметінің болуы, өндірілетін өнім түрлері, өндіріс көлемі және өнімді өткізу бағалары мониторингке жатады.

Кооперативтік жобаларды бағалау кезінде негізгі көрсеткіш құрылтайшылардың саны емес, жеке қосалқы шаруашылықтардың нақты қатысуы болуы тиіс. Мұндай қатысу жасалған шарттармен, өткізілген өніммен, көрсетілген қызметтермен және халыққа жүргізілген төлемдермен расталуы қажет.

Өтініш беруші нені ескеруі қажет

Қаржыландыру алу үшін кепілдік қамтамасыз етуді және жеткізушінің коммерциялық ұсынысын ұсыну жеткіліксіз. Жоба жұмыс істейтін экономикалық модель ретінде жан-жақты әзірленуі тиіс.

Өтінім берер алдында өнімді кім сатып алатынын, оның қандай бағамен, қандай көлемде және қандай мерзімділікпен өткізілетінін айқындау қажет. Сондай-ақ жемшөптің, шикізаттың, жер учаскелерінің, өндірістік үй-жайлардың, электр қуатының жеткіліктілігін және рұқсат беру құжаттарының толықтығын алдын ала тексеру ұсынылады.

Кепілдік қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Техникалық паспорттағы қателер, заңдастырылмаған қайта жоспарлау, кәмелетке толмағандардың үлестерінің болуы, жұбайының (зайыбының) нотариаттық келісімінің болмауы, құқық белгілейтін құжаттардағы сәйкессіздіктер және ауыртпалықтардың болуы жобаны алдын ала мақұлдағаннан кейін де оны қарау процесінің тоқтатылуына себеп болуы мүмкін.

Жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген кредит алу жобаның өздігінен табысты болуын қамтамасыз етпейді. Егер қаржылық есептеулерде жемшөпке, салықтарға, жөндеу жұмыстарына, ветеринариялық қызметтерге, тасымалдауға, коммуналдық шығыстарға және маусымдық факторларға байланысты шығындар ескерілмесе, қарыз алушы қызметінің алғашқы жылында-ақ айналым қаражатының тапшылығына тап болуы мүмкін.

***

«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша «Солтүстік» ӘКК» АҚ-ның шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөліміне (8 (7152) 50-27-16), «Ауыл аманаты» жобасының үйлестірушісіне (8 777 925 79 07), сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне және ауылдық округтер әкімдері аппараттарына хабарласуға болады.

03 июля 2026
Табиғатта демалу кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері
  • От жақпаңыз

Отты тек арнайы белгіленген орындарда жағыңыз, егер ондай орын болмаса, шұңқыр қазып, отты оның ішінде жағыңыз. Бұл оттың орманға таралу ықтималдығын азайтады. Өзіңізге қауіпті болуы мүмкін жанғыш заттарды (бензин, тұтандырғыш сұйықтықтар) пайдаланбаңыз. Отқа мұқият қараңыз, себебі желдің бір соққысы отты бүкіл орманға таратуы мүмкін, әсіресе ауа райы құрғақ, жапырақтар мен бұтақтар көп болса. Табиғатта демалыс аяқталған кезде, отты құм немесе су арқылы сөндіріп тастауды ұмытпаңыз.

 

  • Қоқыс қалдырмаңыз

Табиғатта демалғаннан кейін барлық қоқысты жинап, өзіңізбен бірге алып кетіңіз. Сынық шыны қалдырмаңыз, себебі ол құрғақ шөпті лупа сияқты тұтатып жіберуі мүмкін. Қажетсіз пластикалық бөтелкелерді, жанғыш сұйықтық салынған канистрлерді жақын маңдағы қайта өңдеу пунктіне өткізіңіз немесе қоқыс жәшігіне тастаңыз.

 

  • Белгісіз су айдындарында жүзбеңіз

Егер табиғатта демалысыңыз су айдынының жанында өтсе және жүзгіңіз келсе, сақтық шараларын есте сақтаңыз. Жақсы жүзбейтін адамдар белгіленбеген және белгісіз су айдындарына түспегені дұрыс. Ластанған су айдындарында жүзбеңіз.

 

  • Балаларды бақылаңыз

Табиғатта демалған кезде балалардың сізден алыс кетуіне жол бермеңіз, олар қай жерде ойнап жүргенін қадағалаңыз. Себебі жарлы немесе тасты жерлерде ойнау қауіпті болуы мүмкін. Табиғатқа зиян келтірмеңіз. Құстардың ұяларын және жабайы жануарлардың үңгірлерін бұзбаңыз. Балаларға жәндіктерді ұстатпаңыз, олар қауіпті болуы мүмкін.

 

 

 

Заңнама
08 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

    Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

              

 

 

Мемлекеттік қызметтер
Іс-шаралар
02 августа 2024
Брошюраларды тарату

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Телжан ауылдық округінің тұрғындарыңа мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық кітапшалар таратты. Кітапшалар 100 дана көлемінде таратылды.

Іс-шаралар
26 июля 2024
Жаз-балалар мен ересектердің демалуы үшін тамаша уақыт

Жаз-балалар мен ересектердің демалуы үшін тамаша уақыт. Жылы күндерде мен резервуардың жанында демалғым келеді, өзенде немесе көлде жүзгім келеді. Алайда, су объектісіндегі абайсыз мінез-құлық, ұйымдастырылмаған және бақылаусыз шомылу үлкен қауіп төндіреді. Су объектілерінде адам өлімінің негізгі себептерінің бірі-белгіленбеген жерлерде шомылу. Бейтаныс жерлерде сүңгу кезінде сіз басыңызды ұрып, есінен танып, өліп қалуыңыз мүмкін. Балалар суда басқа жүзушілерді ұстап алуға байланысты ойындар ұйымдастырады, бөренелерде, тақталарда және үй салдарында жүзеді. Бақылаусыз шомылатын балалар дененің гипотермиясына жиі жол береді, қолды, көбінесе аяқты немесе екі аяқты біріктіретін құрысулар пайда болады, бұл өлімге әкелуі мүмкін.
СУ ҚОЙМАЛАРЫНДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНЫН ҰМЫТПАҢЫЗ:
- зерттелмеген су айдындарында, қалқандар (аншлагтар) қойылған жерлерде шомылуға тыйым салу туралы жазулармен шомылуға;
- мас күйінде шомылу;
- осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіру;

- жануарларды өзімен бірге судағы халықтың жаппай демалатын орындарына алып келу;
- шағын көлемді кемені алкогольдік және (немесе) есірткілік мас күйіндегі адамдарға басқару.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды тыйым салынған су айдындарында шомылу адам өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталмаған су қоймаларында демалу арқылы сіз өз өміріңізге үлкен қауіп төндіресіз! Есіңізде болсын, судағы барлық мінез – құлық ережелерін міндетті түрде сақтау-денсаулықты сақтау және көптеген адамдардың өмірін сақтау кепілі!
Уәлиханов ауданында жабдықталған шомылу орындары жоқ.
"Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Уәлиханов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" РММ су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Уәлиханов ауданының ТЖБ

Заңнама
28 мая 2024
Құрметті ауылдық округ тұрғындары!

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Путь обмана!» алаяқтықтың негізгі схемалары баяндалған қысқаметражды фильм түсірілгенін хабарлаймыз. Фильм 29 мамыр күні сағат 15.00-де аудандық Мәдениет үйінде көрсетіледі.
Ауданның барлық тұрғындарын көрсетілімге қатысуға және алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырамыз. Кіру тегін.

Заңнама
28 мая 2024
Хабарландыру
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - МАМ) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды.
Құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029542).
Конкурсқа қатысу үшін (қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидаларына 1-Қосымша) мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға (МАМ) құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады.
Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.
Анықтама телефоны: 21145 (Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі)
Мемлекеттік қызметтер
Іс-шаралар
28 мая 2024
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Телжан ауылдық округінің тұрғындарыңа мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық кітапшалар таратты. Кітапшалар 100 дана көлемінде таратылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы