«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беріге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Телжан ауылдық округі әкімінің аппаратымен 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
-"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"
- Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру"
-"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу"
-"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"
-"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"
2023 жылдын қорытындысы бойынша барлығы – 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
6 қызмет – мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.
Ең көп сұранысқа ие қызметтер:
- "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" (4)
Мемлекеттік қызметтер жөніндегі жоспардың негізгі іс-шаралары: мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» арқылы көрсетілетін қызметтер санын ұлғайту, мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдер бойынша анықтамалық ақпаратты ұлғайту, бұқараралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу болып табылады.
Халыққа мемелекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында бөлімде көрнекі ақпаратпен стендтер орналастырылған, атап айтқанда: мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, өтініш үлгілері, жауапты орындаушының аты-жөні.
Әкім аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықты таныстыру үшін ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында: интернет-конференция, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир, электрондық мемлекеттік қызметті насихаттау бойынша оқыту бейнеролигі орналыстырылды,мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 600 брошюра таратылды
2023 жылда бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Телжан ауылдық округінің әкімі С.Утигенова