«Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-37с «2026–2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Уәлиханов аудандық мәслихаты шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жобаны әзірлеуші орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ.

2026 жылға арналған Телжан  ауылдық округінің бюджетін нақтылау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 31-бабының 2-тармағына, 94-бабы мен 96-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджетті нақтылау «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің ұсынысы негізінде, бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында жүргізіледі.

Бюджетті нақтылау көздері:

Салықтық түсімдердің ұлғаюы есебінен бюджет кірістерін арттыру.

Бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту.

Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруға бағытталған.

 

 

 

 

Телжан ауылдық округінің әкімі                               С.Утигенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 июня 2026