
Округімізде 1 орта мектеп,2 негізгі мектеп бар, онда барлығы 231 оқушы білім алады. Сапалы білім, саналы тәрбие беруге 66 мұғалім еңбек етуде, оның ішінде жоғары білімді 54, арнаулы орта білімді 8 мұғалім. Округ мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалынды, қыс кезінде жылылық сақталады. Округтің барлық мектептері интернетке қосылған, мультимедиялық кабинеттер бар, «Білім LAND» порталы жұмыс ісейды. Интерактивті тақталар мен физика кабнетіне аралған жабдықтар бар.
Округте 3 шағын орталық жұмыс істеуде, 50 бала барады.
Округ тұрғындарына медициналық көмек 1 дәрігерлік амбулатория, 2 ФП көрсетеді. 1 жалпы тәжірибелі дәрігер және 6 медициналық қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Газельдің бір медициналық көлігі бар. Медициналық-профилактикалық іс-шаралар бекітілген графикқа сәйкес жүргізіледі.