Кішкенекөл ауылдық округінің 2023 жылға халыққа қызмет көрсету саласында атқарылған жұмыстары туралы.
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына, бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі.
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі, жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
2023 жылы 115 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі, жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша - 99 қызмет көрсетілді;
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 11 қызмет;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 5 қызмет көсетілді
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат ауылдық округтің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік органдар қызметінің басымдықтарының бірі электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру болуы тиіс. Осы басымдықты іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратымен халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша белгілі жұмыс жүргізіледі,
Электрондық қызметтерді халық арасында кеңінен насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу мақсатында 500 брошюралар таратылды. Электронды үкімет порталында мемлекеттік қызмет алуды түсіндіретін бейнероликтер орналастырылды. 12 интернет-конференция, оның барысында 50-ден астам сұрақ қойылды, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тікелей эфирлер, оқыту семинарлары өкізілді.
2023 жылғы 20 сәуірінде «Бірінші тоқсандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметі туралы» қоғамдық кеңесте тыңдау өтті.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.