
Округте қоғамдық тәртіпті сақтау пункті құрылып, жұмыс істейді. Округ аумағындағы жедел жағдай тұрақты деп сипатталады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес учаскелік полиция инспекторы Н.Б. Құрманов жұртшылықпен бірлесіп алкоголизмнің,отбасы-тұрмыстық жанжалдар негізінде жасалатын рецидивті қылмыстардың алдын алу,сондай-ақ қолайсыз отбасыларды анықтау бойынша іс-шаралар өткізеді. Округте сондай отбасылар жоқ.
Қарасу ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілуде:
2024 жылдың басынан «Құқық бұзушылық және олар үшін жауапкершілік» тақырыбында халықпен бірге 3 профилактикалық бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар әлеуметтік желілерде және WhatsApp тобында «Қылмыстың алдын алу» тақырыбында бейнероликтер және басқа да ақпараттық материалдар жүктелді.
Учаскелік полиция инспекторы уақытша немесе тұрақты тұруға жаңадан келген тұлғаларды тіркеу үшін тұрақты негізде қадағалайды. 2023 жылы ауданға 14 адам келді, келгендердің барлығы дер кезінде аудан бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркелді. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысында педагогикалық ұжыммен және жергілікті қоғамдастық өкілдерімен бірлесе отырып жүргізіледі, 2024 жылдың басынан бері аудан жастарымен дөңгелек үстелдер мен брифингтер өткізілдң, барлығы 4 семинар өткізілді бұл іс-шара прафилактикалық түрде және құқық бұзушылықты алдын алу үшін.