Анонс

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2024 жылдың 13 мамыры мен 27 мамыры аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Талдау кезінде жұмыс тобының құрамында барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады. Талдауға қатысуға қатысты сұрақтар бойынша 2024 жылдың 6 мамырына дейін 52-182 телефоны арқылы хабарласуға болады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес талдамалық есепті дайындау; 3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының тізбесін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау; 4) осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралар қабылдау.

Дата публикации
09 апреля 2024