Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.
2025 жылғы 3 қыркүйекте Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппаратында "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мәселелері бойынша аппарат және демалыс орталығының мамандарымен кеңес өтті. Аталған іс-шарада анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар қаралды, оның ішінде:
іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша шаралар қабылдау;
құжаттарды дайындау және кезінде талаптардың қатан сақталуын қамтамасыз ету;
ресми құжаттарды дайындау сапасын арттыру;
Кеңес қорытындысы бойынша мамандарға тапсырмалар берілді.
Халықтың қолжетімділігін арттыру мақсатында Бидайық ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтермен өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының көмегімен компьютермен жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтар электрондық үкімет порталын өз бетінше пайдалануға және қызмет көрсетуге үйренеді, бұл оларға үйден шықпай-ақ электрондық үкіметтің барлық қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 қаулысы
Алгоритм
Жәбірленушінің өзінің өтініш жазуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның туыстары немесе сенімхат негізінде өзге де адамдар, сондай-ақ егер жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаған болса, заңды өкілдері келтірілген зиянды (залалды) өтеу туралы өтінішпен жүгіне алады.
Келтірілген залалды өтеу туралы өтінішке: зардап шегуші адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; табиғи сипаттағы ТЖ туындаған сәттен бастап немесе ТЖ жою кезеңінде зардап шеккен адамның жоғалған және/немесе бүлінген мүлкінің тізбесі қоса беріледі.
2. Өтініштер мен құжаттарды тіркеуді әкімдік зардап шегушіге құжаттардың қабылданғанын растайтын қолхат бере отырып, материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында жүргізеді.
3. Материалдық залалды өтеу туралы өтініш әкімдікке құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
4. Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бағалаушыны тарта отырып, келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды (өтініш берушінің мүлкіне қолжетімділік болуға тиіс) ұйымдастырады. Жәбірленуші бағалау жүргізілетін уақыт пен орынды анықтайды, кейін жәбірленуші бағалау туралы есеппен танысуға тиіс.
5. Әкімдік бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.
6. Зардап шеккендерге төлем тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
Мүлікті толыққанды әрі сапалы бағалау үшін сарапшылардың жұмысы су тасқыны жағдайы тұрақталып, үйлер мен аула аумақтарынан су толығымен тартылғаннан кейін басталады.
Жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту тапсырылды.
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ 2024 жылғы 10 мамыр мен 24 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамына қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2024 жылғы 1 мамырға дейін 8(71542)26-134 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының тізбесін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің осы үлгілік қағидаларының 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау.
Барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз! Қасиетті ораза айы – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік іспетті адами құндылықтарға ерекше мән беретін сәт. Жақынына жанашыр болып, жан-жағына мейірімін шашқан жамағаттың дін мен дәстүрді тең ұстап, еліміздің бірлігі мен тұтастығын нығайта түсеріне сеніміміз зор.
Қасиетті Рамазан айы тек жақсылыққа толы болсын. Әрбіріңізге дендеріңіздің саулығын, отбасыларыңыздың амандығын тілейміз. Әр бастаған істеріңізге сәттілік серік болсын. Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!