Электрондық еңбек шарты

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы № 321/VI ҚР Заңымен ҚР Еңбек кодексіне жұмыс берушіні электрондық түрде еңбек шарттарын жасасуға не қағаз жеткізгіште жасалған еңбек шарттарын ЕСБТҚ-ға тіркеуге міндеттейтін түзетулер енгізілді. Өзгеріс 2020 жылдың 16 мамырынан бастап заңды күшіне енді, осы кезеңнен бастап жұмыс берушілерде электрондық еңбек шарттарымен жұмыс істеу немесе қағаз еңбек шарттарын ЕСБТҚ-да тіркеу міндеті туындады.

ҚР Еңбек кодексіне енгізілген нормаларға сәйкес 33-бапта еңбек шарты қызметкер мен жұмыс беруші арасында ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында не жазбаша нысанда жасалуы мүмкін екендігі айқындалған. Бұл ретте 23-бапта жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын (оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу міндеті белгіленген.

Электрондық еңбек шарты
Дата публикации
07 декабря 2023