ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
Әдеп кодексі

Ескертпе. Әдеп кодексі Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығына сәйкес жаңа редакцияда (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).


1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қоғамдық мүдделерді барынша тиімді әрі сапалы түрде қанағаттандыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адал болуды, Қазақстан халқының бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуді, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауды міндеттейді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатқа берік болып, оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес, адал әрі тиімді орындайды деп күтеді.

Мемлекеттік қызметті атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше сенімнің көрінісі және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

  1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, адалдық ахуалын орнықтыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепке жат мінез-құлқының алдын алуға бағытталған.

  2. Кодекстің мәтіні мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға қолжетімді орындарда орналастырылады.

  3. Осы Кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті.


2-тарау. Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары

  1. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:

  1. адалдық – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби әрі жауапты қызмет ету;

  2. шынайылық – өз міндеттеріне адал қарау;

  3. әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына тәуелсіз заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

  4. ашықтық – қоғаммен жұмыс істеуге дайын болу және өз әрекеттерінің айқындығын қамтамасыз ету;

  5. сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге құрметпен және әдепті қарау;

  6. клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған шаралар қабылдау, халықтың сұраныстарына толық бағдарлану және өтініштерді қарау кезінде әуре-сарсаң мен созбалаңдыққа жол бермеу.


3-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары

  1. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар:

  1. қарапайым болу, жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

  2. мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына зиян келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;

  3. заңмен белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу;

  4. азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілікке, ар-намысты қорлауға, әдепсіздікке жол бермеу;

  5. іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау;

  6. заңсыз уәделер бермеу және заңсыз міндеттемелер алмау;

  7. қызметтік жағдайын жеке мақсаттарда пайдаланбау;

  8. мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

  9. қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін жеке мүдделерді көздемеу.

  1. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті іскерлік стильге сай болуы тиіс.

  2. Әріптестермен қарым-қатынаста:

– ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру;
– әдеп бұзушылықтардың алдын алу;
– әріптестерді орынсыз талқыламау;
– әділдік пен бейтараптық үлгісі болу;
– кемсітушілікке жол бермеу;
– діни көзқарастарды таңбау.

  1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатқа қайшы пікірлерді жария түрде білдірмеуі тиіс.

  2. Қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтау қажет.


4-тарау. Әдеп нормаларын сақтау бойынша үйлестіру

  1. Уәкілетті орган әдеп нормаларының сақталуын үйлестіреді.


5-тарау. Жауапкершілік

  1. Әдеп нормаларын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеледі.


Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже

БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен

1. Жалпы ережелер

  1. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдептің сақталуын қамтамасыз ететін және кеңес беретін мемлекеттік қызметші.

  2. Өз қызметінде заңдарды, Әдеп кодексін және осы Ережені басшылыққа алады.


2. Негізгі функциялары

  1. Әдеп жөніндегі уәкіл:

– кеңес береді;
– заң талаптарының сақталуына ықпал етеді;
– өтініштерді қарайды;
– ұжымдағы мәдениетті қалыптастырады;
– құқықтарды қорғайды;
– мониторинг жүргізеді;
– бұзушылықтардың себептерін талдайды;
– түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

  1. Құқықтары:

– ақпарат сұрату;
– ұсыныстар енгізу;
– құжаттарды алу.


3. Қызметін ұйымдастыру

  1. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда дербес әрекет етеді.

  2. Уәкілетті органға есеп береді.

  3. Азаматтарды қабылдайды (кемінде айына 1 рет).

  4. Жарты жылда кемінде 1 рет анонимді сауалнама жүргізеді.

 

Дата публикации
07 декабря 2023