Әкімдіктің ресми сайтын ашу жергілікті өзін-өзі басқару органдарының халықпен тиісті ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын жолға қоюға толық ықпал етеді, ақпарат алмасу процесін жеделдетеді және жетілдіреді, сайтқа әрбір келушіге округтің тарихы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат алуға, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара байланысты жүзеге асыруға, сондай-ақ қабылданатын шешімдер бойынша өз ұсыныстары мен жаңа идеяларын енгізуге мүмкіндік береді.
Ақбұлақ ауылдық округі әкімдігінің ресми сайтының жұмыс істеуі Сіздің пікіріңізді ескере отырып, прогрессивті дамуға қызмет ететініне сенімдімін.
Біз сіздермен округіміздің және бүкіл Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз!
Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Құрметпен Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі
Ахметов Батырхан Серікұлы