Меню

Страницы

Статья

Біліктілік талаптар бас маман Е-G-3 санаты, 1 бірлік

Бас маман

Е-G-3 санаты, 1 бірлік

Біліктілік талаптар

Білім деңгейі бойынша

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: «Гуманитарлық ғылымдар» (аудармашы ісі), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану,құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, немесе экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару), немесе «Білім», немесе "Құқық"  бейіндері бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (аудармашы ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (салалар бойынша), немесе  қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «Білім беру», немесе «Құқық» бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі

Құзыреттер бойынша

     «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Жұмыс тәжірибесі бойынша

     «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Заңнаманы білуі бойынша

      Тиісті санат үшін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалдықміндеттері

        Аппараттың ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру сұрақтары бойынша жұмысын ұйымдастыру, аппарат жұмысын жоспарлау, кадр, іс-қағаздар жұмысын жүргізу, азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс жүргізу. Тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз ету, лауазымдық міндеттерді мүлтіксіз орындау және сақтау. «Е-өтініш», «Е-қызмет», «е-лицензиалау», ЭҚЖ, МОИП бағдарламасын жүргізу. Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету.Нотариалдық іс әрекеттерді жүргізу. Азаматтардың жиналыстары мен жиындарын өткізуге материалдар дайындау. Ауылдық округ әкімі өткізетін жиналыстардың, жиындардың хаттамаларын жүргізу. Аудан әкімі актілерін, ауылдық  округ әкімінің тапсырмаларын, жоғары тұрған ұйымдардың құжаттарын аппаратта орындалуын бақылау және қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің (шешімдер, өкімдер) жобаларын дайындау. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. "Нұр Отан" партиясының жұмысын жүргізеді. ТЖ және АҚ бойынша іс-шараларды, су тасқынына қарсы іс-шараларды әзірлеу. Ауылдық округ әкімі аппаратында істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды дайындайды және мұрағатқа тапсырады.Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпаратты интернет-ресурста және әлеуметтік желілерде орналастыруды жүзеге асырады.   Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау, қызметтік мінез-құлыққа қатысты міндеттемелер мен талаптарды орындау, тыйымдарды бұзбау.

 Ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша басқа жұмыстар жүргізу. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне көмек көрсету. Округ әкімі болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 мая 2024
Дата обновления
23 мая 2024
Тип

Сейчас читают

23 мая 2024
Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
23 мая 2024
Мәдениет және спорт
23 мая 2024
Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы