19. Аппаратқа басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.
20. Ауылдық округ әкімін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Ауылдық округ әкімінің орынбасарлары жоқ.
22. Ауылдық округ әкімі:
1) ауылдық округ аумағында лауазымды тұлға болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста оның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдікке енгізеді;
5) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) талқылауға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөнінде ұсыныстар шығаруға құқылы;
6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
7) Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
10) өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
11) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
13) аз қамтылған адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
15) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
16) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
17) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда науқастарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын маңдағы Денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;
18) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
19) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
20) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының сессияларының жұмысына қатысады;
21) Республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
22) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
23) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
24) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
25) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
26) аудандық атқарушы органға аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
27) мемлекеттік кепілдіктер туралы заңнаманың ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
28) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды, аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болады.
29) Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.
Ауылдық округ әкімінің назарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.