Меню

Страницы

Статья

Негізгі міндеттері мен функциялары "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1.Жалпы ережелер

1."Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Аппарат) мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Ведомстволардың, филиалдар мен өкілдіктердің аппараты жоқ.
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, Аппарат өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Аппарат мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимитін аудан әкімдігі бекітеді.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151221, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, селоақбұлақ, Абай көшесі, № 11 үй.
10. Аппараттың толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданның Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Аппарат қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Аппараттағы жұмыс режимі және қарым-қатынас

13. Аппарат пен уәкілетті орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледі.
14. Аппарат әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

15. Аппараттың жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, аптасына бес күн, демалыс күндері кесте бойынша, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Дата публикации
23 мая 2024
Дата обновления
23 мая 2024
Тип

Сейчас читают

23 мая 2024
Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
23 мая 2024
Мәдениет және спорт
23 мая 2024
Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы