«Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»
«2024-2026 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 75-бабына 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы нормативтік құқықтық акт ауылдық бюджет шығыстарының және түсімдерінің бекітуді көздейді. Реттеушілік әсерді талдау жүргізу қажет емес.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылдың 20 маусымнан мен 25 маусым аралығындағы қоғамдық талқылауда болды
(сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15095224 ).
Ақбұлақ ауылдық
округінің әкімі Б.Ахметов
Орын. Тлеубердина Д.