АСТАНАДА TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
2026 ЖЫЛҒЫ 14–16 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДА, EXPO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛАҢЫНДА 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КӨРМЕСІ — TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 ӨТЕДІ.
Іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстан көлік апталығы аясында өтеді және көлік-логистика қауымдастығының өкілдері, жүк тасымалдаушылар, экспедиторлық компаниялар, технологиялар мен инфрақұрылымдық шешімдерді жеткізушілер үшін саланың негізгі алаңдарының біріне айналады.
Қазақстан көлік апталығы мен TransLogistica Kazakhstan көрмесі жыл сайын еліміздің екі ірі іскерлік орталығы — Алматы мен Астана қалаларында кезекпен өткізіледі. 2026 жылы іс-шараны Қазақстанның астанасы қабылдайды. Көрменің Астанада өткізілуі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар мен халықаралық серіктестер өкілдерінің белсенді қатысуына ықпал етеді, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы мен халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелерін талқылау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта келушілерді тіркеу басталып кетті, ал бизнестің қатысуға деген қызығушылығы көрме алаңдарына деген жоғары сұраныспен расталуда: экспозицияның 80%-дан астамы брондалған, сонымен қатар стендпен қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда.
Биыл көрме қатысушыларының қатарына Нидерланд пен Польша компаниялары қосылып, жобаның халықаралық географиясын кеңейтеді. Жалпы алғанда, 250-ден астам қазақстандық және шетелдік компанияның 20 елден қатысуы күтілуде: Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланд, БАӘ, Пәкістан, Польша, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония. Ұлттық экспозицияларды Беларусь, Латвия, Литва және Эстония ұсынады.
Келушілерді жерүсті, әуе және теңіз көлігін пайдалана отырып жүк тасымалдау және көлік-экспедиторлық қызмет көрсету саласындағы үздік ұсыныстар, қойма логистикасы мен жүктерді сақтауға арналған шешімдер, сондай-ақ жеткізу тізбектерін басқару процестерін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған инновациялық IT-әзірлемелер күтеді. Логистикалық операциялардың тиімділігін арттыруға, көлік бағыттарын оңтайландыруға және халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ықпал ететін заманауи технологияларға ерекше назар аударылады.
Көрмемен қатар іскерлік іс-шаралар өткізу жоспарланған, олардың қатарында: «New Silk Way» IX халықаралық көлік-логистика бизнес-форумы, Қазақстанның қойма логистикасы жөніндегі V конференциясы, BreakBulk Kazakhstan III конференциясы, сондай-ақ жаңа іс-шаралар: «Жүк иесі 2030: цифрлық жеткізу тізбектері, жаңа талаптар және логистикалық қызметтер нарығы» стратегиялық сессиясы, «Көлік және логистикадағы көшбасшы әйелдер: саланы бүгін өзгерту» пленарлық сессиясы және «Қазақстанның көлігі мен логистикасы 2035: дамудың келесі кезеңі қандай болмақ?» сараптамалық форсайты, сондай-ақ Халықаралық автомобиль көлігі одағы (IRU), БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ елдер жөніндегі Жоғары өкілінің кеңсесі (UN-OHRLLS) Қазақстан автокөлікшілер одағымен (КАЗАТО) бірлесіп ұйымдастыратын «Аваза іс-қимыл бағдарламасын іске асыруды ілгерілету: өзара байланыстылық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін кәсіби және орнықты автомобиль көлігі саласын қалыптастыру» өңірлік диалогы.
TransLogistica Kazakhstan шамамен үш онжылдық бойы салалық жетістіктерді көрсету, жаңа серіктестер табу және көлік пен логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін аса маңызды алаң болып келеді. Көрмеге қатысу компанияларға өз шешімдерін кең кәсіби аудиторияға ұсынуға, ал келушілерге — нарық үрдістері мен өңірдің көлік-логистика саласының даму перспективалары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Кәсіби қауымдастықтың көрмеге деген жоғары қызығушылығын өткен жылдың нәтижелері де растайды. 2025 жылы іс-шара 6 463 мақсатты келушіні тартып, іскерлік байланыстар орнату, серіктестік қатынастарды дамыту және саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін тиімді алаңға айналды.
Көрмеге ресми қолдауды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан көлікшілер одағы KAZLOGISTICS, Қазақстан тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығы, сондай-ақ Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы көрсетеді.
TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесін қазақстандық Iteca және «Атакент-Экспо» көрме компаниялары халықаралық серіктес — ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.
Көрмеге келу үшін translogistica.kz ресми сайтында алдын ала тіркелу қажет. Тіркелу кезінде іс-шараға тегін кіруге мүмкіндік беретін TLK2026AST промокодын пайдалануға болады.
10 тамызда "СҚО әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ республикаішілік маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізді. "Красноярка — Красный Яр-Петропавл" әлеуметтік маңызы бар бағытына қызмет көрсету бойынша жеңімпаз анықталды.
Конкурстық комиссия қатысушылар ұсынған құжаттарды қарады және белгіленген талаптарға сәйкес оларды бағалау жүргізді.
Болашақта маршрутқа қызмет көрсету конкурс шарттарына және жолаушылар тасымалы саласындағы қолданыстағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған қайталау конкурстың қорытындылары туралы 2026 жылғы 17 шілдеге
хаттама
Петропавл қаласы № 58 07 шілде 2026 жыл
конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық және облысішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына қайта конкурс өткізілмеді деп танылсын.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған қайталау конкурс өткізу туралы
хабарландыру
|
Маршрут № |
Маршруттың атауы |
Бастапқы пункт тен жүру уақы ты |
Соңғы пункт тен жүру уақы ты |
Маршруттағы жұмыс уақыты |
Автобустың санаты (отыратын орын саны) |
|
|
Жұмыс күндері |
Демалыс күндері |
|||||
|
Облысішілік маршруттар
|
||||||
|
Аққайын ауданы |
||||||
|
1 |
Смирново-Петропавл |
16-30 |
18-25 |
1,2,3,4,7 |
5,6 |
2 класс, шағын автобус |
|
Ақжар ауданы |
||||||
|
2 |
Талшик-Петропавл |
07-00 |
16-45 |
1,3,5,6 |
2,4,7 |
2 класс, шағын автобус |
|
Есіл ауданы |
||||||
|
3 |
Тауағаш-Петропавл |
6-20 |
13-15 |
1,2,3,5,6,7 |
4 |
2 класс, шағын автобус |
|
Мамлют ауданы |
||||||
|
4 |
Чистое-Петропавл |
6-30 |
16-50 |
1,2,3,4,5 |
6,7 |
2 класс, шағын автобус |
|
Шал ақын ауданы |
||||||
|
5 |
Сергеевка-Петропавловск |
7-00 |
14-05 |
1,2,3,4,5 |
6,7 |
2 класс, шағын автобус |
|
Облысаралық маршруттар |
||||||
|
6 |
Аксеновка – Көкшетау |
9-00 |
16-20 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
7 |
Петропавл – Қарағанды |
10-15 |
07-30 |
паритет |
паритет |
2-3 класс |
|
8 |
Петропавл - Қарағанды |
19-50 |
15-40 |
паритет |
паритет |
2-3 класс |
|
9 |
Петропавл – Қостанай(Пресновка арқылы) |
8-25 |
8-05 |
паритет |
паритет |
2-3 класс |
|
10 |
Петропавл-Қостанай (Сергеевка арқылы) |
20-30 |
18-30 |
паритет |
паритет |
2-3 класс |
|
11 |
Светлый – Көкшетау |
7-00 |
14-00 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
12 |
Ағынтай-Батыр - Көкшетау |
7-20 |
15-50 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
13 |
Петропавл-Павлодар |
21-30 |
14-35 |
паритет |
паритет |
2-3 класс |
|
14 |
Петропавл – Астана |
8-30 |
10-30 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
15 |
Петропавл – Астана |
22-00 |
16-00 |
паритет |
паритет |
2 класс,шағын автобус |
|
16 |
Петропавл – Астана |
17-25 |
21-45 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
17 |
Петропавл-Щучинск |
15-00 |
7-00 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
18 |
Петропавл-Бурабай |
16-10 |
8-20 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
19 |
Петропавл-Көкшетау |
8-00 |
12-20 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
20 |
Петропавл-Көкшетау |
11-45 |
15-30 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
21 |
Тайынша-Көкшетау |
8-40 11-00 14-30 16-00 |
11-00 13-30 17-00 18-30 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
22 |
Тайынша-Көкшетау |
7-15 17-00 |
10-00 19-30 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
23 |
Новоишимское-Кокшетау |
16-10 |
09-30 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
|
24 |
Дружба-Көкшетау |
6-00 |
13-00 |
паритет |
паритет |
2 класс, шағын автобус |
Басшы Е. Шортыбаев
Жаңа көлік инфрақұрылымы шамамен 1,5 мың адам тұратын Прибрежное ауылын қорғайтын бөгетпен біріктіріледі. Бұл елді мекенмен жыл бойы үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарға аралында (Вороний аралы) туристік нысандармен қатар, Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін бірінші көтерілімдегі стратегиялық маңызы бар сорғы станциясы орналасқан. Бұған дейін су тасқыны кезеңінде ауылға апаратын жол толықтай су астында қалып, адамдарды тасымалдау мен эвакуациялау тек су көлігі арқылы жүзеге асырылатын. Қолайсыз ауа райы жағдайларында бұл азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін.
Жобаның жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды. Құрылысты аяқтау және жол өткелін пайдалануға беру 2027 жылдың қазан айына жоспарланған.
Дереккөз: ProKadryKz.
Көлік министрлігінде өңірлер мен «ҚТЖ» өкілдерінің теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері бойынша есептері тыңдалды
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс кеңестері өткізілді.
Кеңестер аясында жобаларды іске асыру барысы, құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі қарқыны және нысандарды уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.
Кеңестерге Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының өкілдері қатысты.
Белгіленген мерзімдердің сақталуына, мемлекеттік органдар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және мердігер ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге, сондай-ақ жолаушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кеңестер қорытындысы бойынша өңірлердегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді. Көлік министрлігі жобалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Қазақстанның азаматтық авиациясын дамыту ҚР Үкіметінің отырысында қаралды
19 мамырда Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің Қазақстан Республикасының авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелеріне арналған отырысы өтті.
ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы және азаматтық авиацияны одан әрі дамыту міндеттері туралы баяндама жасады.
Отырыста сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел, «Air Astana» компаниялар тобының Бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел баяндама жасады, әуежайлар мен әуе компанияларының басшылары қатысты.
Толығырақ:www.gov.kz
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты кездесу-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Шара барысында мемлекеттік қызметті алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімі, өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар талқыланды.
Шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерін сақтауға және су жолдарындағы қауіпсіздікті арттыруға ерекше назар аударылды.
Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.