Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қол жетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады.
Субсидиялауға тарифтерін жергілікті атқарушы орган белгілейтін әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша тасымалдауларды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының залалдары жатады.
Қызметті қалай алуға болады: Онлайн
Азаматтарға арналған үкімет
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Қызметті алушылар: Жеке тұлғалар, Заңды тұлғалар.
Көрсетілетін қызмет құны: Тегін
Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні
Порталдың жұмыс кестесі: Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Қызмет көрсету нәтижесі
Орындалған жұмыстар актісін қоса бере отырып, субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындамау туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.